Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылдың 5 маусымында «Құқық қорғау қызметі туралы» Жарлыққа қол қойды. Сол уақыттан бастап 23 маусым полиция күні болып бекітілді. 1992 жылғы 23 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған-ды. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болып табылады. 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында мемлекеттің құқық қорғау қызметі одан әрі дамытуды және жетілдіруді талап ететіндігі, азаматтардың құқықтық санасын, заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, заңнамаларды күнделікті азаматтармен араласу барысында орынды қолдану қажеттілігі көрсетілген.
Облысымыздағы құзырлы мекеменің бірі облыстық ішкі істер департаменті де өз тарапынан аталған мәселелер бойынша өз құзіреті шеңберінде жұмыс жасап, қылмыстылыққа сенімді тосқауыл қойып отыр. Халыққа адал қызмет ету, қызметтік парызды мүлтіксіз орындау – мұндағы әрбір қызметкердің міндеті. 2008 жылдың 28 сәуірінен бастап департаментте Жедел басқару орталығы жұмыс істеуде. Орталық қызмет көрсеткен уақыттан бастап қылмыстың ізін суытпай ашу деректері көбейіп, көптеген құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Облыс полициясының құрылуы, оның қызметкерлерінің батылдық пен жауынгерлік ерлікке толы даңқты тарихи жолы туралы насихаттау мақсатында ІІД мұражайының ашылуы да айтулы оқиға болды. Әулие-ата милициясының құрылуы мен оның сол жылдардағы жұмысы, ҰОС жылдарындағы майдан даласында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен және тылдағы түрлі қылмыстылықпен күрескен қабырғалы ерлеріміздің ерлігін еске салатын бұл мұражай, шындығында шежіре. «Өткенге құрмет – білімділікті жабайылықтан ерекшелеп тұратын белгі» дегендей, жас мамандарды тәрбиелеу ісінде бұл да – бір мектеп. Полиция тарихы қоғам өмірімен тығыз байланысты. Ішкі істер органдарының статистикалық есебінің астарында полицейлердің күнделікті өмірі, қажырлы еңбегі тұр. Мәселен, ағымдағы жылдың бес айында облыста жалпы қылмыс саны 8,9 пайызға, ауыр қылмыс саны 31 пайызға, кісі өлімі 45 пайызға қысқарып, жол көлік оқиғасы 18 пайызға төмендеп, қылмысты ашу біршама артты. Заңсыз айналымнан 883 килограмм есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар, Қордай, Шу аудандарында орын алған жантүршігерлік ауыр қылмыстар ізін суытпай тәулік ішінде ашылды. Халықпен және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты кеңейту, қылмыс пен құқық бұзу-шылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-әрекет жасау мақсатында 2012 жылы департаментте түрлі сала өкілдерінен тұратын қоғамдық кеңес құрылып, құқықтық климаттың дұрысталуына ықпал етуде. Халық Қаһарманы атағына ие болған полицей Ғазиз Байтасовтың ерлігі әркез жадымызда. Ғ.Байтасов атындағы бірегей оқу-жаттығу полигоны ашылып, департаменттің жеке құрамы жауынгерлік және қызметтік даярлықты өз деңгейінде орындау үшін оқу-жаттығуларын сонда өткізуде. Бұл қатардағы қызметкерден бастап басшы құрамның да аса қауіпті қылмыскерге қарсы тұруы үшін өте маңызды. Облыстық ішкі істер департаментінің 5 қызметкері «Айбын» орденінің, 7 қызметкері «Ерлігі үшін» медалінің иегері. Соның ішінде, былтыр ғана Т.Рысқұлов аудандық ІІБ-не жаңадан қызметке алынған Ерасыл Тілеміс те бар. Осындай мемлекеттік награда алғандар әріптестеріне үлгі болуы керек. Заңның жүзеге асуын, қылмыстының құрық-талып, жазаға тартылуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органы қызметкерлеріне артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Сондықтан, Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ істер мен бастамаларға жетістіктер тілеймін. Төл мерекелеріңізбен, полиция қызметкерлері!
Арманбек БАЙМУРЗИН, облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді