
Капиталды амнистиялау аясында олигархтардың 12 миллиард доллары заңдастырылмақ
Капиталды амнистиялау аясында олигархтардың шетелде жасырған 12 миллиард доллар қаржысы заңдастырылмақ. Үкімет осындай болжам жасап отыр. Іске кіріскен шенеуніктер тиісті заң жобасын Сенатқа бекіттіріп алды. Енді Президент қол қойған соң, ол 1-ші қыркүйектен 2015 жылдың соңына дейін жалғасады. «Келетін ақша мен мүлік бағасы шамамен 2,2 трлн немесе 12 млрд доллар деп күтілуде. Әрине, бұдан аз да, жоғары да болуы мүмкін. Ол деген біздің жұмысымызға байланысты», – дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Үкімет қыруар қаржының елге оралып, экономикаға қызмет ететіне сенімді. Оның үстіне ақшасын әкелген кәсіпкерлерге рақымшылық қана емес, капиталдарына ешкімнің тиіспейтініне кепілдік беріліп отыр. Қыркүйек айынан басталатын науқан кезінде шетелдің шоттарында жатқан ақшадан басқа, дүние-мүлік, үй-жай сияқты құнды заттардың барлығы заңдастырылады. Жеңілдікті пайдаланған байлар салық төлеуден босатылып, жауапкершілікке де тартылмайды. Бұл бастаманы осыдан 2 ай бұрын Президент көтерген болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев, алпауыт мемлекеттердің өзара теке тіресінде бизнесмендердің саясаттың құрбаны болып жатқанын, яғни, жоқ жерден санкция түсіп, барынан айрылып қалып жатыр деп мәлімдеген. Сондықтан отандық олигархтарға миллиондарын елге қайтаруға шақырғаны бар.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді