арнайы құрылған республикалық конкурстық комиссия жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағына лайықтыларды іріктеп, үздіктерді анықтаған еді. Республикада жеңімпаз атанғандар қатарына ТарМУ-дың жеті бірдей оқытушысы енді.
Атап айтсақ, университеттің «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Үсенбайұлы, «Қаржы» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Гүлмира Амалбекова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Қабыкенқызы, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Гүлқыз Жидеқұлова, «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты Кенжеғали Шилібек, «Сырттай оқыту» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты Мұрат Бекмұратов, «Экономика және бизнес» факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Совет Қожабеков сынды профессор-оқытушылар 2017 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атанды. Өңірдегі жетекші оқу орнының мерейін үстем еткен осы профессор-оқытушыларымыздың еңбек жолы – жастарға үлгі. Бір айта кететіні, байқау жеңімпаздарына өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі. Бұл қолдау университеттің профессор-оқытушыларының жұмысына жаңаша леп беретіні анық. Олардың дені байқау жеңімпаздарына берілген мүмкіндікті пайдаланып, өз саласы бойынша шетелдің озық тәжірибесін көзбен көріп қайтудан үмітті. Ең бастысы, жеңімпаздар оқу-тәрбие, маман даярлау ісінде шын үздік екендігін дәлелдеп, оқыту үдерісіне тың серпін қосатынына сенім мол.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің медиақызметі
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




