Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары ел өмірінің ажырамас бөлшегіне айналып кеткелі қашан. Ел одан қашанда көп жаңалық күтеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын биылғы Жолдау 10 бөлімнен тұрады.
Онда: «Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда», – деп ерекше атап көрсетті. Шынында, ел алдында қойылған екі жаңғыруды сәтті аяқтап, үшінші жаңғыру белесіне батыл қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның озық отыздыққа ену міндеті өміршең идея екені айдан анық. Өйткені елдің болашағын болжамай, жоспар құрмай, дамуы мүмкін емес. Ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдап, соған сәйкес жұмыс атқаратын елдердің қай жағынан болсын дамып, өркендеп келе жатқанын әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Жолдаудың атауының өзінде айтылғандай, өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндігі көп жайдан хабар беріп тұр. Бұл туралы оның 10 бағытында толықтай, тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Он міндеттің өне бойында ғасырға жүк болатындай мәселелер айтылып отыр. Бірінші, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу жөнінде міндет қойылды. Ресурстық әлеуетті дамыту міндеті, ақылды технологиялар, көлік-логистика саласының тиімділігі, құрылыс және коммуналдық секторының дамуы, қаржы секторының жаңғыртылуы, адами капиталдың жаңғыруы, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес, ақылды қалаларды дамыту міндеттері алдағы дамуымыздың алғышарты болып отыр. «Ардагерлер – алтын қорымыз» дейтін болсақ, Мемлекет басшысы жылдың басты құжатында зейнеткерлерге, аға буын өкілдеріне де көп көңіл бөлді. Осынау қамқорлыққа ардагерлер дән риза. Қорыта айтқанда, Елбасы Жолдауы – ел дамуының адастырмас темірқазығы. Жарқын болашағымыздың жарқын үлгісі. Онда алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолында халық болып жұмылып еңбек еткенде ғана, жарқын жетістіктерге жетеміз.
Жарас МҰРАТАЙ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді