Жүйелі жеті бағыт
2017 жылғы 14 желтоқсанда өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясын жаңғырту туралы мәлімдеме жасағаны белгілі. Бұл – партия қызметін одан әрі дамыту, жетілдіру қажеттілігінен туған қадам.
Бұл жаңғыру қалай жүргізіледі? «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында Тараз қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысқан жиында партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат осы сұраққа жауап берді.
Негізі партияны жаңғырту туралы мәлімдеме 7 бағыттан тұрады. Соның ішіндегі ең маңыздысы – жаңғыратын демократиялық саяси жүйе мен ашық ақпараттық қоғам жағдайында партиялық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету. Жаңғыртудың осы алғашқы міндетін орындағанда жергілікті өкілетті органдарды қалыптастыруда партияның рөлі артып, стратегиялық күш ретінде қалыптасатынына сенім мол. Әрине, бұл ретте саяси технологияларды, медиажұмысты жаңғырту, қайта жүктеу, ашық ақпараттық қоғам және цифрлы Қазақстан жағдайына бейімдеу, партия жұмыстарына жастарды кеңінен тартудың, саяси партиялық білім беру жүйесін жетілдірудің мәні зор. Бұдан партияның ықпалдастырушы мүмкіндігі кеңейеді, партияның талдау және стратегиялық әлеуеті нығаяды. Шәбден Тоқтасынұлы бұл жаңғырту арқылы партия рөлі одан әрі күшейе түсетінін, әкімшілік лауазымдарға азаматтарды тағайындау кезінде «Нұр Отанның» ұсынысы ескерілетінін, партияның резервінде тұрған үміткерлердің мүмкіндіктері мол екенін айтып өтті.
Мұнан соң «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков сөз сөйлеп, өткен жылдың жемісті аяқталғанын, биыл нұротандықтарды өте ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын қозғады. Сондай-ақ ол Орталық аппараттың шешіміне сәйкес, бірқатар жұмыссыз жүрген азаматтардың ұсынылған жұмысқа бармағаны, жауапкершілікті сезінбегені үшін партия қатарынан шығарылғанын, жалқау әрі жауапсыздарға «Нұр Отан» партиясы қатарынан орын жоқ екенін айтып өтті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді