Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Отырыс барысында Үкімет басшысы Президенттің облыстық мәслихат депутаттарына бағытталған облыс әкімі қызметіне Асқар Мырзахметовті тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков облыс активімен кездесіп, жиын барысында жаңа әкімді таныстырды. Үкімет басшысы облыстың бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтты. Таныстыру барысында Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовтің түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа басшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. Сондай-ақ, облыс активімен кездесуде «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев сөз сөйледі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




