Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
А. И. Мырзахметовті Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 10 қаңтар № 619
Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылғы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. 1997–2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылғы сәуірден 2007 жылғы қыркүйек арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы наурыз аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылғы мамырға дейін – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылғы мамырдан – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2016 жылдың маусымынан Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді