Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесі
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2018
- 324
Қымбатты отандастар!
Қазақстан əлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды.
Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.
Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз.
Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.
Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін адамзат жаңа өнеркəсіптік революция дəуіріне аяқ басып отыр.
Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда.
Жаһандық технологиялық ілгерілеу-шіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде.
Бұл – біздің əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз.
Менің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауым жарияланды.
Ол елімізді Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайында дамытуға арналған.
Мен алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті көріп тұрмын.
Енді олардың мəнін қысқаша мазмұндап берсем деймін.
Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Біздің өнеркəсібімізге еңбек өнімділігінің деңгейін өндірістік процестерді цифрландыру жəне заманауи бизнесмодельдерді меңгеру арқылы арттыру керек.
Екінші. Ресурстық əлеуетті пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай жақсарт қан жөн.
Ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіледі.
Олар алынатын ресурстардың үлесін, оларды қайта өңдеудің ауқымын ұлғайтуға, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Үшінші. Агроөнеркəсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек.
Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс.
Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан əрі дамыта беру.
Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға жəне транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.
Бесінші. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану.
Құрылыстың жаңа тəсілдері, ғимараттардың энергия тиімділігіне талаптардың арттырылуы, инфрақұрылымдарды басқарудың интеллектуалдық жүйелері қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банк жүйесін сауықтыру шаралары бақылауды күшейтумен қоса жүруі жəне қарапайым азаматтардың мүддесін ескеруі тиіс.
Банк иелері мен оларды басқаратындардың жауапкершілігін айтарлықтай арттыру қажет.
Несиелендіруді кеңейту жəне қор нарықтарын дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі.
Жетінші.Адами капиталдың жаңа сапасы.
Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс.
Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру керек.
Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылатуы тиіс.
2016-2017 жылдары əлеуметтік төлемдер үш рет арттырылды.
Оның ішінде базалық зейнетақылар 29%-ке, ынтымақты зейнетақылар 32%-ке, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 28%-ке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 29%-ке дейін, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақылары 30%-ке ұлғайтылды.
Бұл үрдіс жалғастырылатын болады.
Үстіміздегі жылы əлеуметтік салаға деген бюджет шығындары 12%-ке арттырылып, 4 триллион теңгеден асып түседі.
Базалық зейнетақы жұмыс өтілі ескеріле отырып орташа есеппен 1,8 есе көбейеді.
Оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дəлелдеуіне байланысты 30-дан 50%-ке дейін өсетін болады.
Сегізінші.Бұл – тиімді мемлекеттік басқару.
Цифрлық технологиялар бизнесті реттеуге қатысуды əрі қарай азайтуды жалғастыруға, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қолдау сапасын жақсартуға, азаматтар сұранысын толығырақ ескеруге мүмкіндік береді.
Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңейтілетін болады.
Тоғызыншы. Заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді.
Оныншы. «Смарт Сити» технологияларын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беріп, олардың инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады.
Бүгінде баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет.
Олар Жолдаудың толық мəтінінде егжей-тегжейлі мазмұндалған.
Құрметті қазақстандықтар!
Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек.
Ол үшін Үкімет пен əкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Отанымыздың көркеюі əркімнің жаңа «цифрлық дəуір» талаптарына сай болуына байланысты.
Осыны əрбір қазақстандық терең түсінуі керек.
Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кəміл сенемін!
ақпарат көзі egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді