Былтыр «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында өткізілген қоғамдық қабылдауларда тараздықтар 664 мәселе көтеріп, нұротандықтардың көкейкесті мәселелердің шешілуіне ықпал етуін сұранған екен. Оның 535-і немесе 83 пайызы оң шешімін тапқан. Атап айтқанда, білім, құрылыс салаларына қатысты және жұмыспен қамту, әлеуметтік проблемалар назардан тыс қалмаған. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков брифингте осыны мәлімдеп, қоғам мен атқарушы биліктің арасын жақындастырған жұмыстарды саралады. Брифингте партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қайрат Жетібаев хабарлама жасап, жыл ішінде 5 рет отырыс өткізілгенін, онда көптеген түйткілді мәселелер қаралғанын мәлімдеді. Осындай жиындарда көтерілген 31 ұсыныс жыл ішінде толық шешімін тауыпты. Қалада салынып жатқан құрылыс нысандарындағы жұмыстар қадағаланып, жең ұшынан жалғасатын әрекеттерге тосқауыл қойылған. Нәтижесінде, мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша бөлінген қаржы Тараз шаһарында 100 пайыз мақсатты игерілген. Филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясы да жүктелген міндетті адал орындаған. Өткен жылы комиссияның 9 отырысы өтіп, бірқатар мәселелер сәтті шешілген көрінеді. Бұл жөнінде аталған комиссия төрағасы Жақып Жексембиев мәлімдеді. Партиялық бақылау комиссиясының бақылауға алған мәселесінің бірі – мектептерге бірінші сыныпқа оқушы қабылдау жайы. Дерекке сүйенсек, қазірдің өзінде кейбір мектептерде өтініш білдірушілердің көптігінен 1-сыныптардың саны 11 сыныпқа жеткен. Бұлай жалғаса берсе, 3 ауысымда оқытатын білім ошақтары көбейетіні анық. Сондықтан, бұл жағдайды жіті бақылауға алып, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде екен.
Есет Жаңабайұлы, журналист
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




