Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде оқырмандар арасында пікірсайыс өтті. Шараның тақырыбына қазақ әліпбиінің жаңа латын қарпіне көшу мәселесі арқау болды. Сайысқа №49 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлері, жетекшілері қатысты. Жиналғандар өз ойларын ортаға салып, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің теледидарда, газет беттерінде айтылған пікірлерін де талқылады. №49 мектеп-гимназиясы директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Анарбекқызы жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығына тоқталса, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің кітапханашылары мен студенттері латын әліпбиінің қазақ тілінің әрі қарай дамуына, жаңғыруына тигізетін ықпалын сөз етті. Иә, латын графикасына негізделген әліпбиге көшу жай ғана әліпбиді ауыстыра салумен бітпейді. Бұл өркениетті шешім біздің ашық әлемнің бір бөлшегі болуға, алға жылжуымызға септігін тигізетіні сөзсіз. Жиынға қатысушылар осындай ойға тоқталып, бұл іске баршаның атсалысу керектігін баса айтты.
Гүлбану Құлназарова, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




