Қазақстан Корей түбегін болашақта біріктіру идеясына қолдау білдіреді - ҚР Президенті
- author «Ақ жол»
- 19 маусым, 2014
- 683
Қазақстан Корея Республикасының Корей түбегін болашақта біріктіру идеясына қолдау білдіреді. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бүгін шағын құрамдағы келіссөздер барысында біз сізбен екіжақты, өңірлік маңыздағы тақырыптардың кең ауқымын талқыладық. Бірқатар халықаралық мәселелердегі біздердің ұстанымдарымыздың ұқсастығын білдірдік және тығыз сұхбаттастықты жалғастыруға уағдаластық», - деді Елбасы.
Н.Назарбаев Корея небәрі екі буын алмасқан уақыттың ішінде экономикалық таңғажайып әрекеттерге барып, кедей аграрлық елден әлемнің үздік жиырма державасының қатарынан орын алғанын атап өтті.
«Біздің ынтымақтастығымыз белгілі бір жоғары деңгейге көтерілді. Біздің энергетика, автомобиль жасау, машина жасау, құрылыс, тау кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, сонымен бірге білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қиылдарымыз жоғары деңгейге ие. Тауар айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Мен сіздің осы жолғы сапарыңыз нәтижесінде біздер мен сіздердің экономика мен саясаттағы ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеретіндігімізге сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Н.Назарбаев Корея Республикасының Солтүстік Кореяның ядролық қаруға ие болуына қарсылығына және болашаққа корей түбегін біріктіру идеясына мығым қолдау білдіретіндігін баса айтты.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
«Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




