Тәуелсіздігіміздің 26 жылын еліміз үлкен бетбұрыстармен бастады. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, Үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басты. Астана төрінде өткен ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі Қазақстанымыздың байрағын одан да биікке көтерді, мәртебесін де асқақтатты. Экономиканы жаңғыртудың Үшінші кезеңі, рухани жаңғырулар әлеуметке серпін берді. Елді мекендерде өндіріс орындары ашылып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, пайдалануға берілді. Соның бірі – Меркі ауданындағы 250 келушіге арналған үш қабатты емдеу орталығы. Медициналық мекеменің заманауи технологиялармен жабдықталуы – отандық медицинаны дамытуға қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын көрсеткендей. Ауданда алдыңғы екі жылда екі жүз елу балаға арналған екі бірдей соңғы үлгідегі, заманауи балабақша ашылды. Биылдың өзінде төрт бірдей мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндерді қабылдады. Аралқыстақ ауылындағы 50 орындық бастауыш мектеп, 600 орындық Савва атындағы орта мектеп пайдалануға берілді. Ал Тескентоған ауылында салынып жатқан 150 орындық мектептің құрылысы келер жылы бітпек. Осының бәрі бір ғана ауданда жүзеге асқан игілікті істер. Бұл – Елбасының, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі.
Ринат Жантаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




