Өн бойынан тек тектілік тараған, Жан әлемін мейіріммен ораған. Кісілік пен кішілікті тең ұстар, Еркінбегім, еңбегі ерен, нар адам!
Тіршілікте кеуде керіп таспаған, Адамдықтың шеңберінен аспаған. «Сіз, біз» десіп, сыйласып-ақ бәрімен, Қай істе де қиянатқа баспаған.
Қай кезде де Отан дедің, ел дедің, Ұсақ іске көңіліңді бөлмедің. Ірі-ірі іс бітірген ардақтым, Еленді әркез ел деп еткен еңбегің.
Жайсаң жанды жанарынан білемін, Амандығын сырттай сұрап жүремін. Көңіл-көзін кір шалмаған мөп-мөлдір, Жақсы адамдар аман болсын – тілегім!
Мақұлбек Жанәлиев, қалалық ардагерлер кеңесі жастар арасында жұмыс жүргізу жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді