«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Заңнан аттамайық, ағайын!

Заңнан аттамайық, ағайын!
ашық дереккөз
Заңнан аттамайық, ағайын!

Мемлекет басшысы бекіткен Мемлекеттік қызмет туралы тұжырымдаманың негізінде өткен жылдан бері мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қолданысқа енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлерге қойылар талаптың күшейтілгендігі белгілі. Десек те мемлекеттік қызметшілердің тарапынан еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтамау сияқты келеңсіздік қадамдарға бару тыйылмай отыр. Апта аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Исақовтың төрағалығымен өткен Тәртіптік кеңестің отырысында құқықбұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлердің бір парасының мәселесі қаралды. Тәртіптік кеңес мүшелері күн тәртібіндегі бірінші мәселе — облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау жөніндегі жұмыстары туралы департамент басшысы Қайрат Жұмағұловтың есебін тыңдап, талқылай келе, мекеме басшысының есебін назарға алу және жүргізілген жұмыстардың деңгейі төмендігін атап өту туралы шешім қабылдады. Департамент басшысына тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін нақты шаралар қолдану жөнінде ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, Тәртіптік кеңес аумақтағы прокуратура органдарының ұсыныстарын қарап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын сақтамағаны үшін облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы Қайрат Жұмағұлов пен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Үртай Сапақоваға сөгіс беру, ал Т.Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылдық округінің әкімі Мұрат Жайлыбаевқа ескерту, сол сияқты, облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің бас маманы Мұратхан Саққұловты еліміздің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына сәйкес қызметінен төмендету түріндегі тәртіптік жазаға тарту жайында тиісті орындарға ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылдады. Құзырлы органдар қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы Тәртіптік кеңесіне заңда белгіленген мерзімде хабарлауға міндеттелді.

Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар