Қашанда адам құндылығы біздің елімізде бірінші орында. Бұл ретте адам құқығының заңмен қорғалуын жіті қадағалайтын, ол бұзылған жағдайда жедел қалпына келтіруге пәрмен беретін прокуратураның жүгі салмақты. Бүгінде бұл салада қылмыстық процесті реформалау барынша жүйелене түскен жайы бар. Егер осы реформалаудың маңызы мен мән-мағынасына тереңірек үңіліп, қысқаша тоқталар болсақ, оның жиынтығындағы алты бағыттың бәрі де азаматтардың құқықтарын қорғау дәрежесін одан әрі жетілдіріп, жоғарылатуға саяды. Яғни, мұндағы ұсынылып отырған қылмыстық жүйені айқындатуды жоғарылатуға мүмкіндік бере отырып, құқық қорғау механизмін күшейтері хақ. Мәселен, қылмыстық процесті реформалаудың бірінші бағытында адамдарды қамаққа ұстау, бұлтартпау шарасын қолданбайтын негізгі көшіру көзделсе, ұсталғандарды сотқа дейін жеткізу уақытын 72 сағаттан (үш тәулік) 48 сағатқа кеміту ұсынылған. Ал мұның өзі, сайып келгенде ізгілендіру қадамы болып табылмақ. Жаңартуға жатқызып отырған келесі бағыттарда да қылмыстық құқық бұзушылықтың жүргізу тәртібін жеңілдету, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді оңтайландыру жолдары қарастырылған. Сондай-ақ реформалау бағытында қылмыстық қадағалау органдары тарапынан оқтын-оқтын орын алып тұратын тергеліп жатқан тұлғаға қатысты дәлел жетпеген жағдайда қосымша кез келген дәлелдерді іздестіріп тауып, сол тұлғаны қалайда жауапкершілікке тарту деректерін болдырмау мақсаты тұжырымдалған. Осы орайда қорғаушылардың құқықтарын кеңейту, оларға кеңінен мүмкіндік жасау жағына да жіті мән берілгелі отыр. Қорыта айтқанда, аталмыш шара заң үстемдігін нығайта отырып, адамзат құқығының қорғалуын қамтамасыз етері хақ.
Руслан Исаев, облыс прокурорының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдерді қылмыс тұзағынан қалай құтқарамыз?
- 11 қараша, 2025
Прокуратура есірткіге қарсы екі инновациялық құралды таныстырды
- 10 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




