Ойтал – өнеркәсібі дамыған, 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясына алғашқы күннен ілесе бастаған ауылдың бірі. Өйткені, мұнда ірімшік зауыты, қант зауыты сияқты іргелі кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, Ойтал Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерін көрші Қырғыз республикасымен байланыстыра алатын темір жол қатынасы торабы болып табылады. Мұнда Ермек Сарыбеков басқарып отырған орта және шағын кәсіпкерлік нысандары, «Ақ ниет» шипажайы орналасқан.
Былтыр Елбасының тапсырмасымен өткен ауыл әкімдерінің сайлауы шынында да демократиялық үдерістерді жаңа сатыға көтерді. Біз қазір көшелер арасындағы дауды, жеке азаматтардың араздастығын сотқа жеткізбей-ақ шешетін болдық. Дәл қазір ауылымыздағы үш көшеге асфальт төселуде. Олар Патрис Лумумба, Адамбаев және Пионер көшелері. Ескі дайындау кеңсесінің ғимараты аудандық бюджет қаражатына сатып алынып, қазір оны құрылысшылар күрделі жөндеуден өткізе бастады. Жергілікті бюджет қоржынына өткен жылы 7 миллион 300 мың, биыл Астананың өзінен 9 миллион 300 мың теңге қаражат түсті. Ауыл ақсақалдарымен, қоғамдық бірлестік өкілдерімен ақылдаса отырып, бір шақырымдай жерге саяжол төселді. Әйтпесе, осы Ойталдағы №48 және №20 мектеп оқушылары көктем мен күзде батпақтан көз ашпайтын. Жергілікті бюджеттен бөлінген бір миллион теңгеден аса қаржыға ауыл санитарлық тазалықтан өтті. Аймақтағы халық саны он бір мыңнан асады. Бізге төрт ауыл қарайды. Бүгінгі таңда бір-ақ мәселе шешімін таппай тұр. Ауыл әкімдігі тәртіп бұзушыларға айыппұл сала алмай отыр. Жоғарғы органдар оның ережелерін әлі бекіткен жоқ. Бұл әрине, жергілікті бюджет қорын аз да болса толықтырар еді деп ойлаймын. Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы зор. Шынымды айтсам Елбасы ауыл әкімдерін сайлау арқылы халықтың көкейінде көптен бері жүрген күптігей ойын шеше алды деп ойлаймын.
Қынат Шайхиев, Ойтал ауылдық округінің әкімі.
Ойтал ауылы, Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді