Жаңа платформа кедендік ресімдерді жеңілдетеді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 6 мамырында Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты 100 қадамын белгілеп, Ұлт жоспарын жариялағаны мәлім. «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап әрі жаңа тарихи жағдайлардағы ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Ол елімізге «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырып, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға жол ашады. Мақсат та, міндет те белгілі, ендігісі – осы реформаларды іске қосып, нәтижеге қол жеткізу.
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер депертаменті бес институционалдық реформаның іске асырылу барысын жариялап, БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Арнайы ақпараттық жоспарда көзделген жиынды департамент басшысының орынбасары Ерлан Өмірзақов ашып, жүргізіп отырды. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Өмірзақ Қоспанов баяндама жасап, 45-қадамның іс жүзіне қосқандағы көрсеткіштеріне тоқталды. Бес институционалдық реформаның үшінші бағытының нәтижелі болуы – негізінен мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысты жүйелі жүргізгеніне байланысты. Жалпы, өсім экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыруды қалай жүргізгенімізге қатысты. Президент индустрияландыру мен өңдеуші сектордың әлі күнге экономикалық өсімнің нағыз драйверлеріне айналмай отырғанын бекер қозғаған жоқ. Елбасымыз ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауда әлі де олқылықтарға жол берілетінін айтып: «Аграрлық секторға бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде, олар қосымша құны төмен өнімдердің өндірісін субсидиялауға жұмсалып жатыр. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне түсетін салықтық жүктеме жоққа тән. Алайда, жаңа кешенді бағдарлама негізінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу секторы дамымай отыр. Осы тұрғыда өңдеу саласында трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісуіміз керек», – деп нақты тапсырма берген еді. Жиында сала маманы осы міндеттің орындалу барысын сөз етті.
– Ұлт жоспарының 37-45 қадамдары Мемлекеттік кірістер органдары қызметіне тікелей қатысты. Атап айсақ, салық және кеден саясатының ресімдерін оңтайландыру, экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізу, электронды жария ету жүйесін дамыту, экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту, кеден мен салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салығына тоқталсақ, тауарлар Қазақстан аумағына кіргеннен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады. Бізге жүктелетін міндет те осыдан туындайды. Ол мүлік пен қаржыны заңдастыруды оңтайландыру, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру, жанама салық салу тетіктерін жетілдіру, – деді департаменттің түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Эльмира Берденова.
Ал жанама салықты әкімшілендіру басқармасының басшысы Алексей Кинзин өз саласына қатысты жауапты жұмыстар кешіктірілмей атқарылып жатқанын айтады.
– «ASYCUDA» – бұл әлемдегі жүзден астам кеден әкімшілігі пайдаланатын платформа. Бұл қазіргі таңда электронды декларацияны енгізуге, сондай-ақ, кедендік әкімшілікті жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр. Ол «Бір терезе» қағидаты бойынша тауарларды кедендік рәсімдеудегі мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін қамтитын пилоттық жоба шеңберінде жүзеге асырылуда. 2017 жылдың 1 қазанынан бастап «Астана-1» ақпараттық жүйесі транзит шаралары бойынша іске қосылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық шараны іске қосу жоспарлануда, – дейді кедендік бақылау басқармасының басшысы Ардақ Ізбасаров.
Жиын соңында тарифтік реттеу және пост кедендік бақылау басқармасының басшысы Ерік Аманжолов «Индустрияландыру және экономикалық өсімнің» 37 және 40 қадамы бойынша атқарылып жатқан жұмыс нәтижелеріне кеңірек тоқталды.
Қанат тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді