Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер және Құмтиын ауылдарының азаматтары арасында болған атыс-шабыстан 30 жастағы қаракемерлік азамат көз жұмып, 9 адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Қарулы қақтығыстан көз жұмған азамат өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеген, оның артында 3 баласы қалып отыр. Сондай-ақ, ауыл арасындағы жаппай төбелес пен атыс-шабыстан жапа шеккендердің қатарында кәмелет жасына толмаған 16 жастағы жеткіншек те бар. Бүгінгі таңда аталған ауылдардың маңайы түгелдей тәртіп сақшыларының қатаң бақылауына алынып, үй-үйде жіті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені, қаза болған азаматты атқан адам әлі анықталмаған. Ал атысқан азаматтар мінген төрт бірдей автокөліктің оқтан сау тамтығы қалмай, бүгінде олар айыптұраққа тоғытылған. Жамбыл аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Жетпіс Айқожаев атыс салдарынан ауруханаға түскен азаматтардың денінің аяқтарын бытыра оғы жарақаттап, сондай-ақ, бас жарақаты, ми шайқалу мен түрлі дене жарақаттарынан ем-дом алып жатқанын және бүгінгі таңда денсаулық жағдайлары жақсы екенін айтады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




