
Жақында Жамбыл ауданы, Аса ауылында облыстық жастар айтысы өтіпті. Оны кейіннен әлеуметтік желілер арқылы естіп, біліп жатырмыз. Жастар айтысын аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі және осы бөлімге қарайтын аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырыпты. Айтысты өткізгендері жақсы ғой. Бірақ, неге ақпарат құралдары арқылы хабарлап, жарнамасын жасамайды? Айтыс – халқымыздың рухани байлығы, асыл қазынасы. Ертерек естігенде сол жыр додасын көруге баратын едім. Себебі, республикамызға танылып қалған Әсет Дүйсебаев, Нұрлыбек Құрманов, Дидар Апбасовтардың қазіргі бабы қандай екенін білу біз үшін қызық. Кейінгі кезде сахнаға шығып жүрген жаңа есімдердің де аяқ алысын біліп отырғымыз келеді. Анығын айтқанда айтыстың нағыз, тұрақты жанкүйерлеріміз.
Естуімізше айтыстың ақтангерлері Алтынкүл Қасымбекова, Күміскүл Сәрсенбаева апайларымыз да осы жастар айтысының қазылығынан тыс қалыпты. Мұны қалай түсінуге болады. Біреуді айыптаудан аулақпыз. Алайда, келесі айтыс өткізер кезде аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Жасұлан Үсенбаев біраз мәселелерді ойланып, дұрыс шешім қабылдаса екен. Көрермені көп айтысты жетім қыздың тойындай ғып елеусіз өткізбесе екен деген тілегіміз бар.
Насихат Есен, Жамбыл медициналық колледжінің студенті.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Әріптесіміз әдеби байқаудың жеңімпазы атанды
- 22 сәуір, 2025
Ой іздесем таулы өлке, қырға барам
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді