Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты үстіміздегі жылғы Жолдауында: «Қазақстан-2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуы тиіс» деп ерекше атап өтті. Әлбетте, біз әуелі бұған білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу арқылы қол жеткізе аламыз. Бұл бағытта елімізде елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру өз нәтижесін беруде. Мектептер мен балабақшалар көптеп салынуда. Мұның өзі әлемдік деңгейдегі мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін одан әрі кеңейтіп, дамытуға, дарынды жастардың қатарын көбейтуге мүмкіндік беруде. Бүгінгі қоғамдағы ашықтық, жедел ақпарат, түрлі саладағы қарқынды даму, жоғары технология білім берудегі міндеттерді түбегейлі өзгертті. Әсіресе, педагог мамандарға жоғары деңгейдегі моральдық және біліктілік талаптары қойылып отыр. Педагогтар заман ағымына қарай күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алуы және соған сай әрекет ете алуы керек. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Терең кәсіптік білімінің, білік-дағдылардың болуын қажет етеді. Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру керек. Олардың мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана емес, әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну. Ал құзыреттілік дегеніміз – қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі. Мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал ететін дағдылар: ақпаратпен күнделікті жұмыс, шығармашылыққа деген ынта-жігері, қазіргі ғылымның жылдам дамуы, өмірде, қоғамда болып жатқан өзгерістер, бәсекелестік, қоғамдық пікір, материалдық ынталандыру болып табылады. Сабақ – педагогикалық шығарма. Сондықтан да ол біртұтастығымен, ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен білімгердің қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерекшеленуі керек. Педагогикалық шеберлік оқытудың озық әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана қалыптасады. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденіп, өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек. «Өткен күн – тарих, келер күн – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый» деген екен данагөй Қорқыт бабамыз. Ертеңгі күнге батыл қадам жасау үшін бүгінгі күннің маңызын бағалау қажет. Сондықтан да әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз бақытын тапқысы келетіні сөзсіз. Ол үшін әлбетте, әркім терең білім алып, білікті маман болуға ұмтылуы керек.
Еңлік Мамытова, Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді