Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде 5114 мемлекеттік қызметкер бар. Соның 46,58 пайызы – әйел, 53,42 пайызы ер азаматтар екен. Қызметкерлердің біліктілік деңгейі де көңіл қуантарлықтай. Мәселен, 4326 мемлекеттік қызметкер жоғары білімді, 737-сінің бір немесе екі жоғары білім алған және 10-ы ғылыми дәрежеге ие. Сонымен қатар, 133-і шетелде білімін шыңдаса, 1-еуі «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев салада тоғыз айда атқарылған жұмыстарды баяндап, осындай деректі мәлімдеді. – Біз Елбасымыздың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы 15 қадамды басшылыққа алып жұмыс істеудеміз. Соның ішінде қызметкерлердің біліктілік деңгейін сапалық тұрғыдан жетілдіруге үлкен мән беріп отырмыз. Президент Жарлығына сәйкес, биыл қызметшілер мемлекеттік аттестациядан өтті. Мәселен, тоғыз айдың ішінде аттестациядан өткен 3685 азаматтың 167-сі қызметте өсуге қабілетті екендігін дәлелдеді. 3474-і атқарып отырған жұмысына лайық бағасын алды, 38-інің лауазымын төмендету ұсынылды. Аттестация қорытындысына қарай 6 қызметкерді жұмыстан босату ұсынылды. Біз мемлекеттік қызметкерлердің қатарын толықтыру үшін еңбек жәрмеңкесін өткіземіз. Ал талапты жастарды табу мақсатында өңірде төрт рет жастармен кездесу ұйымдастырдық, – деді департамент басшысы. Департамент қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау екені белгілі. Сондықтан, олар жекелеген азаматтардан түскен әрбір шағымды қараусыз қалдырмауы тиіс. Мақсұт Нәлібаевтың сөзіне сүйенсек, өткен тоғыз ай ішінде департаментке 140 өтініш түсіпті. Соның 58-і құзыреттілігіне қарай тиісті орындарға жөнелтілген болса, 5 өтініштің ізінше жоспардан тыс тексеру жүргізілген екен. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да тыңғылықты жұмыстар атқарылған. Департаменттің бастамасымен ұйымдастырылған 545 іс-шараға барлығы 59100 адам тартылыпты. «Парасыз болашаққа – бірге!», «Адал ұрпақ» бағдарламалары да жастардың ортасында кеңінен насихатталуда. Жемқорлықтың жамандыққа ұрындыратынын ашып көрсеткен 23 көрнекілік – Тараз қаласының күре жолдарында, аудандарда 38 банер ілініпті. Брифинг соңында департамент басшысы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




