«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаһандану дәуіріндегі жарқын қадам

Жаһандану дәуіріндегі жарқын қадам
ашық дереккөз
Жаһандану дәуіріндегі жарқын қадам

Шолпан Дайрабаева, Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты мектептің директоры.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан жарқын бастамалардың жаршысы болып келеді. Әлем тыныштығының күзетшісіне айналған Мемлекет басшысы Ұлы дала елінің қарыштап дамуын, әлеуетінің артуын ешқашан қаперінен қалтарыс қалдырған емес. Бүгінгі күннің өткір мәселесі қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – елдік іс. Бұл мемлекеттің кемелденуіне, рухани жаңғыруына жасалған қарышты қадам. Латын графикасына көшу мәселесі бүгін ғана қозғалып отырған жоқ. Тәуелсіздіктің елең-алаңы саналған тоқсаныншы жылдардың бастапқы кезеңінде де қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі сан мәрте ел ішінде айтылды. Десе де сарабдал саясаткер, сұңғыла ойлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы сол бір өтпелі кезеңде аяғын қаз-қаз басқан елдің еңсесін тіктеуді ойлады. Сондықтан, «Алдымен экономика, одан кейін саясат» деп айтса керек. Ал бүгінде мемлекетіміздің мерейі үстем. Төрткүл әлем тұтасымен санасатын жағдайға жетті. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалардың жарқын жемісі. Енді еңсе тіктеген еліміз үшін латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін қалыптастыру – басты талап. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Латын әліпбиі – әлемде ең беделді әліпбилер санатында. Бүгінде ғаламдық ақпараттың, қажеттіліктің дені латын графикасына негізделген әліпбимен байланысты. Осыны ой зердесінен өткізген Елбасы дер кезінде мәселені қолға алып отыр. Осы тұрғыдан келгенде көптің тілегі ескеріліп, әліпбидің жаңа нұсқасы Елбасы Жарлығымен бекітілді. Заманауи технологиялар мен инновациялық идеялардың дені ағылшын тілді әлемнен бастау алатыны айқын. Сондықтан да латын графикасына негізделген әліпбидің кейінгі нұсқасы қазақстандықтардың таңдауының жарқын қадамы, нәтижесі деп қабылдаған ләзім. Өйткені, мемлекеттік тілді жаңғыртудың басты факторы – латын жазуына көшу екенін күллі халық түсініп отыр. Бұл – біздің рухани дамуымыздың тетігі дер едім. Қалай десек те латын әліпбиі – қажеттілік. Сол себепті осы бір маңызды тірлік дер кезінде қолға алынып отырғаны – шын мәнінде еліміздің дамудың даңғыл жолын таңдағаны. Өсер ел ғана өзінің келешегін бүгінгі күннен бастап ойлайды. Сол бағытта аянбай еңбектенеді. Тер төгеді. Батыл бастамаларымен, кемеңгерлігімен бүкіл әлемді аузына қаратқан, алпауыттарды Ұлы дала елімен санастырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан елінің қалаулысы. Президенттің барлық саяси қадамдары мемлекеттің мерейінің артуына, халқының әл-ауқатының көтерілуіне, жаңашылдыққа ұмтылуына бағдаршам болып отырғаны айтпаса да түсінікті. Біз Мемлекет басшысының барлық жарқын бастамаларын біркісідей қолдаймыз. Президент біреу – халық тіреу. Мемлекет қажеттілігінен туындаған латын әліпбиі – Мемлекет басшысының және тұтас халықтың таңдауы. Еркін елдің есті таңдауы мемлекетіміздің кемелденуінің тұтқасына айнала берсін. Білгір басшысы бар Қазақстан өркендей түссін, әлем бізге қызыға әрі қызғана қарасын. Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар