Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 18-22 жас аралығындағы талапты жастар қатысқан жарыс өзара тартысты өтті. Ел ертеңі – өскелең ұрпақ арасында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыра отырып, олардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын арттырып, бейімділігін анықтап, сол бойынша қолдау көрсету мақсатында өткізілген шараға түрлі саладағы оннан аса үміткер қатысып, бақ сынады. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсіп, біліктіліктерін ортаға салды. «Латын әліпбиі – тәуелсіз ел ретіндегі еркін таңдауымыз» тақырыбы бойынша эссе жазып, келесі кезеңде сол тақырыпқа сай тұсаукесер – таныстыру жұмысын жүргізді. Ал үшінші айналымда мәтінді үш тілде ілеспе аударма жасап, қарым-қабілеттерін байқатты. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, филология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Рахат Елубаева бастаған қазылар алқасы үміткерлердің тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен олардың сауалдарға берген жауаптарының орамдылығы, сапасы мен мазмұндылығына баса назар аударып, бағалады. Тартысты өткен олим-пиада нәтижесінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 3-курс студенті Құралай Наметқұл бас жүлдені жеңіп алса, Жамбыл қазақ-түрік есеп экономикалық колледжінің студенті Айнұр Амангелдиева бірінші орын биігінен көрінді. Бүгінде жұмыссыз жүрсе де, өзінің табандылығын танытқан Гүлжан Құлболды жүлделі екінші орынға, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Ардақ Қанжан үшінші орынға лайық деп табылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Жанғазы ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді