Ел сенімінен шығу – ең биік мәртебе

Ел сенімінен шығу – ең  биік мәртебе
ашық дереккөз
Ел сенімінен шығу – ең биік мәртебе

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жұмысы қашанда қарбалас. Өңірімізде «нұротандықтардың» саны 70 мың адамнан асады. Партия Елбасының Жолдауларынан туындаған міндеттерді және «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жолында белсенділік көрсетуде. Сонымен қатар, партияның бағдарламалық құжаттары талаптарын орындауға да күш салып, халықтың түрлі мәселелерінің шешімін табуына атсалысып келеді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев жан-жақты баяндады. Партия филиалы лидерінің айтуынша, өңірде 11 аумақтық партия филиалы, 337 бастауыш партия ұйымы, 1806 партиялық топ бар екен. Елбасының билік қызметінің бөлінісі туралы биыл жариялаған Үндеуін, Қазақстан халқына Жолдауын, латын қарпіне көшу мәселесін тұрғындарға түсіндіру мақсатында түрлі сала өкілдерін қамтитын 51 адамнан тұратын спикерлер пулы жасақталған. Олар облыс аумағында орналасқан еңбек ұжымдарында, мекемелерде 1700-ден астам кездесу өткізіп, оған 195 896 адам қатысыпты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын әрбір елді мекендегі тұрғындарға жеткізу үшін мобильді ақпараттық топтар құрылып, олардың іс-шаралар жоспары жасалған. Бұл ретте 350-ден астам шараның өткізілуі көзделіп, оның көпшілігі жүзеге асыпты. Бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және ақпараттандыру әртүрлі әлеуметтік топтар арасында және жергілікті ұлт өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту арқылы жүзеге асып отыр екен. Партия – халықтың жанашыры. 2017 жылғы 9 айда «Нұр Отанның» облыстық филиалына тұрғындардан 4269 өтініш келіп түсіп, оның 1788-і оң шешімін тапқан. Бұл жалпы өтініштің 42 пайызы. Бұл өтініштердің 27 пайызы жұмысқа орналасу, 26 пайызы әлеуметтік мәселелер, 11 пайызы тұрғын жай-коммуналдық мәселелер, 7 пайызы денсаулық саласындағы мәселелер бойынша түсіпті. «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» партиялық жобалары аясында 66 тақырыптық қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда 201 өтініш қаралған. Облысқа белгілі кәсіпкерлердің демеушілігімен жетім балаларға, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып тұрады. Филиал жанындағы «Мирас» клубының да жұмысы жемісті жүргізіліп келеді. Мұратхан Жүнісәліұлы Елбасы – Партия төрағасының мемлекеттік саясатын іске асыруда, партияның беделін күшейту жолында, келісім, бірлік, тұрақтылық секілді құндылықтарды сақтау бағытында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының атқарар ісі қыруар екеніне тоқталып, жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Есет досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар