Рано Убайдуллаева, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Еліміз егемен, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде алғашқы қадам жасағалы Рухани келісім күнін 25 мәрте атап өтті. Көп ұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. 1992 жылдың қазанында Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен тұңғыш рет Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өткен болатын. Бұл күні адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері, дін мәселесі жөнінде ой-пікір таластырып жүрген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстел басында жиналды. Конгресте қабылданған манифесте оның қатысушылары 18 қазан күнін жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий, адамдар арасында өзара түсіністік, рақымшылық және жақыныңа көмек көрсету күні деп жариялауға шақырды. Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің бастамасымен қазақстандық күнтізбеге қоғамдық маңызы бар күн – Рухани келісім күні енгізілді. Содан бері ұлтаралық татулық пен рухани келісім біздің басты темірқазығымыз болып табылуда. Елбасымыз тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз Жолдауларында: «Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Жыл сайын Қазақстанда рухани келісім күні аталып өтіледі. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді, әртүрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін», – деген болатын. Елбасымыздың осынау пікірінің өзектілігі қазіргі күнде қайта жаңғырып отыр. Иә, ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруіне үлкен ықпал етеді. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта-ниеті, асыл армандары орындалып, бақытты өмір кешетіндігі ежелден белгілі. Сол себепті бабаларымыз: «Бірлігі барды – жау алмайды» немесе «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөзді ықылым заманнан-ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан. Ұлан-байтақ Қазақстан елі көп ұлтты, көп конфессиялы, мәдениеттер тоғысқан мемлекет екені баршаға мәлім. Алла тағаланың жақсылығы және Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш салиқалы саясаты, парасатты басшылығының арқасында мемлекетімізде жүзден астам алуан тіл мен дінді, түрлі діл мен мәдениетті ұлттар мен ұлыстар өзара ауыз бірлік пен ынтымақта тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді