«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бәсекелестік ортаға беру – өсу мен өркендеу кепілі

 Бәсекелестік ортаға беру –  өсу мен өркендеу  кепілі
ашық дереккөз
Бәсекелестік ортаға беру – өсу мен өркендеу кепілі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысымен жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген. Қаулыны ауданда жүзеге асыру үшін арнайы іс-шара жоспары жасалынып, бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесіне аудан бойынша «Көгалдандыру және көріктендіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі енгізіліп отыр. Коммуналдық меншіктегі нысанды сату Үкіметтің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» №920 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық комиссия құрылған. Оның құрамына сатушының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалының өкілдері енгізілген. Сауда-саттыққа ұсынылған объектілер жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес бағалау жұмыстары жүргізіледі. «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 39 пайызына қатысу үлесінің бағалау құны 13083,0 мың теңгені құрайды. Қазіргі кезеңде жекешелендіру процесінің тиімділігін арттыру үшін Қаржы министрлігі меншіктің бірыңғай мемлекеттік реестрін құрды. Сауда-саттық электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдаланып жүргізіледі. Бұдан басқа, электрондық аукциондарды өткізудің барлық процесі бойынша сауда-саттықтардың нәтижесіне әсер ететін адам факторы толығымен алынып тасталды. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама міндетті түрде баспасөз беттерінде жарияланады. Сауда-саттық алаңының веб-порталына инфографика мен «қалай сатып алуға болатыны туралы» бейненұсқаулық және объектілердің барлық тізбесін көруге болатын баннер орналастырылған. Осылайша, сату туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін, бизнес қандай нысандардың сатуға қойылатындығы туралы алдын ала біле алады. Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы. Жекешелендiру нысаны бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып ұсынылады. Жекешелендiру нысаны екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50 пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленуімен ұсынылады. Коммуналдық меншiк нысандарын жекешелендiруден түскен қаражат жергiлiктi бюджетке аударылады. Өткен кезеңдегі жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына аудандық меншіктегі 2 нысан енгізіліп, аукцион арқылы ағылшын тәсілі қолданылып, яғни бағаны жоғарылату жолымен сауда-саттық өткізілген. Нәтижесінде аудандық бюджетке 9 миллион теңге көлемінде кіріс түсті. Мемлекеттің жекешелендіру саясатын жүзеге асыру үшін алдағы уақытта да мақсатты жұмыстар жүргізіледі. Себебі, еңбектің тиімділігін арттыру үшін кейбір нысандарды бәсекелестікке шығару өте қажет.

Ерлан ИМАШЕВ, аудандық қаржы бөлімінің басшысы.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар