«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халықаралық көрмені тараз қаласынан 57434 адам тамашалады

Халықаралық көрмені тараз қаласынан 57434 адам тамашалады
ашық дереккөз
Халықаралық көрмені тараз қаласынан 57434 адам тамашалады

Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Тараз қаласынан 32500 адам барып, тамашалайды деп болжанған. Облыс орталығында көрме билеттерін сатуды «Қазпошта» АҚ, ресми туроператорлар және көрменің ресми кассалары жүзеге асырды. Сатылған билеттердің қорытындысы бойынша елордадағы әлемдік шараға Тараз қаласынан 57434 адам тамашалады. Мұндай деректі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жасұлан Ханәлиев келтірді. «Қазпошта» АҚ, «Baiterek travel center» ЖШС басқа да туристік фирмалар бұл істе белсенділік танытқан. Соның нәтижесінде қаладағы және темір жол бекетіндегі кассалар арқылы 6399 билет көрмені тамашалаушылардың қолына тиген. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқушыларға «Компас» ЖШС арқылы 1035 турпакет берілген. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арқылы 839 майдангер мен барлық топтағы мүгедектер тегін билет алып, әлемдік деңгейдегі аса ауқымды шараны тамашалауға мүмкіндік алыпты. Барлығы 2203 тараздық оқушы көрмеге бару мүмкіндігіне ие болған. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларының балалары, сонымен қатар, көрмені ата-аналарымен бірге өз қаражаттарымен тамашалап қайтқан оқушылар да бар. 36831 билет елордадағы көрме кассалары арқылы сатып алынған. Қала әкімінің орынбасары тараздықтардың Астана қаласына қалай барып, қайтқанына да тоқталды. Пойызбен – 40204, автобуспен – 9189 және әуе көлігімен 8041 адам тасымалданыпты. Айтулы шара өткізіліп жатқан кезде «Тараз-Астана-Тараз» бағыты бойынша қосымша 7 плацкарт және 6 купе вагоны бар жолаушылар пойызы, оған қоса қажетінше әр пойызға тіркеме вагондар қосылған. Облыс бойынша 6 темір жол бекетінен 6-7 пойыз, 8 автобус күнделікті, сонымен қатар, «Тараз-Астана» бағытында аптасына 10 ұшақ қатынаған. Ж.Ханалиевтің мәлімдеуінше, облыс орталығында халықаралық көрмені насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілген. Мәселен, «Әулиеата» әуежайының ғимаратына – екі, Төле би даңғылының қас бетіне бір брендмауэр, билбордтарға 14 баннер, аялдамаларға 12 лайтбокс, екі көлемді әріптер және 100 қоғамдық көлікке постерлер орналастырылған. Хабарламашының назарынан ежелгі әрі жаңарған Тараз қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігі де тыс қалмады. Ол қала аумағында 6 археологиялық, 13 тарихи және 53 сәулет-қала құрылысы ескерткіші бар екенін жеткізіп, олар жайлы толыққанды ақпарат берді. Брифингте БАҚ өкілдері түрлі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар