оның 40 пайыздан астамының өтініші орындалды
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жұмыс әр кезде де қауырт. Қашан барсаң да аталған филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жан-жақтан тұрғындар ағылып келіп жатады. БАҚ өкілдерімен өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Бақыт Төлемісова осыған тоқталды. – Қоғамдық қабылдауды облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер жүргізеді. Сондай-ақ, тақырыптық және республикалық акция шеңберінде қабылдаулар өткіземіз. Мақсатымыз – көмек сұрап келген азаматқа мейлінше қолұшын беру. Ағымдағы жылдың сегіз айында бізге қайырылған 4 мыңнан астам тұрғынның 40 пайыздан астамының өтініші орындалды, – деді ол. Ай сайын қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері азаматтардың өтініштері бойынша мониторинг жүргізіп отырады екен. Сол арқылы қай ауданда өзекті мәселелер қордаланғаны анықталатын көрінеді. Саралау жұмыстарының қорытындысына қарай сол түйткілді шешу үшін жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Негізінен партияға әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған тұрғындар көмекке жүгінетіні белгілі. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген азаматтардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу бойынша өтініш айтып, кейбірі материалдық қолдау көрсетуді сұрайтыны – соның көрінісі. Дегенмен, бұл мәселе бойынша дер кезінде сала басшыларын құлағдар етудің арқасында оның көпшілігі оң шешіліп отыр. Бақыт Төлемісованың айтуынша, «Нұр Отан» партиясы биыл жетім балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне ерекше назар аударып отыр екен. «Біз облыстық жасөспірімдер үйімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің көптеген мәселелерін шешуге ықпал еттік. Олардың ЖОО мен колледждердегі ақыларын төлеп, жұмысқа орналасуына, тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмек көрсеттік. Мүмкіндігі шектеулілердің өтінішін де жерде қалдырған емеспіз», – дейді ол. Жыл басынан бері осы бөлмеде көптеген күрмеуі күрделі мәселе шешімін тапқан. Осындай қоғамдық қабылдауға келген Тараз қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Еркебұлан Алишев жұмысқа орналаса алмай жүргенін жеткізіп, шағым айтқан екен. Бүгінде ол тұрақты жұмыс тауыпты. –Мен Жамбыл медициналық колледжінде «Фармацевтика» мамандығы бойынша білім алғанмын. Фельдшер болып жұмыс істей аламын және емдік массаж курсын аяқтағанмын. Бірақ жұмысқа тұру қиынға соқты. Сосын партияның Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбековтің қабылдауына барып, жұмысқа орналасуға көмек сұрадым. Қазір облыстық психоневрологиялық диспансерде массаж жасаушы болып жұмыс істеп жатырмын, – деді ол.
Есет досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді