Әлеуметтік қызметкердің әлеуеті артып келеді
Әлеуметтік жұмыс кәсіптік қызмет ретінде Қазақстанда енді ғана дамып келеді. Оның бір бағыты – мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан жүйке-неврологиялық науқасы бар тұлғаларға, сондай-ақ, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету болып табылады. Біздің облысымызда үйде қызмет көрсетумен 349 әлеуметтік қызметкер айналысады. Соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы 28 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлер негізінен педагогикалық, медициналық, психологиялық салалардың мамандары.
Әлеуметтік қызметкер арнайы теориялық және тәжірибелік машығы бар, жоғары білікті маман болу керек. Сондықтан 2016 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен «Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында курстар өткізуді бастады. Бір жарым жыл ішінде бұл курстан 105 әлеуметтік қызметкер өтті.
Курстарды өткізуге Тараз мемлекеттік университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының, тікелей мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік саланың қызметкерлері тартылды. Олардың қатарында ТарМУ-дың педагогика және психология магистрлері Айгүл Абдрахманова, Раушан Байбосынова, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының дефектология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Айман Қалматаева, осы институттың аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Зағипа Көдебаева, «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат-үйі» директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Қарлығаш Бибазарова, Тараз қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Сарытай, логопед-дефектолог Сандуғаш Салихова, облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полиция басқармасының инспекторы Арай Айымбек, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті бөлімінің басшысы Райхан Назарова және тағы басқалар бар.
Біліктілігін арттыру курсында әлеуметтік мамандарға «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзетіп қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» ҚР Заңдары, әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары және басқа да жұмысқа қажетті құжаттарды тереңінен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар облыстағы әлеуметтік салаға қарасты қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлеріндегі және мүгедек балалармен ересек мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында көрсетілетін арнаулы қызметтермен тәжірибе жүзінде таныстыру жұмыстары да қамтылды.
Біліктілігін арттыру курсы әлеуметтік қызметкерлерге өз жұмысының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсінуге, жан-жақты ізденіп, оны өз жұмысында қолдануға мүмкіндік береді деген сенім көп.
Әрине, 3 күнде бәрін біліп кету мүмкін емес. Сондықтан келешекте біліктілікті арттыру курсының мерзімін 3 күннен 5 күнге созып, басқа өлкелердің мамандарының тәжірибесімен бөлісу жоспарлануда.
Қаламқас Айымбекова, «Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді