Тоқаев Моңғолия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 10:01
- 58
Мемлекет басшысы тарихи сапар аясында марапаттау рәсімін өткізу қазақ тарапы үшін зор мәртебе екенін атап өтті.
– Біз Сізді өз халқын алға бастап келе жатқан парасатты, білікті, ірі саясаткер деп білеміз, сыйлаймыз. Моңғолияны көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз өсіп-өркендеп келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Моңғолияның экономикасы дамып, халқыңыздың әл-ауқаты жақсарды. Сонымен қатар еліңіздің аймақтағы және әлемдегі беделі арта түсті. Сіздің басшылығыңызбен моңғол жұрты алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне кәміл сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент екі ел арасында шыайы достық пен өзара құрметке негізделген қарым-қатынас орнағанына тоқталды.
– Сіз Моңғолия Үкіметін басқарған кезде екі елдің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға тікелей атсалысқан едіңіз. Енді, міне, Мемлекет басшысы ретінде бұл бағыттағы жұмысты жаңа қарқынмен жалғастырып келесіз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-моңғол байланысы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бүгін қол жеткізілген маңызды келісімдер достығымызды одан әрі бекемдей түсетіні сөзсіз. Қазіргі алмағайып, дүбірлі кезеңде осы ықпалдастығымызды күшейтудің мәні айрықша. Бұған барлығымыз да мүдделіміз. Сіз қазақ-моңғол қарым-қатынасын нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Осыған орай, мен Өзіңізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – барша қазақ халқының Сізге және бауырлас моңғол жұртына деген ерекше құрметінің белгісі. Қазақстан мен Моңғолияның достығы мәңгі болсын, – деді Мемлекет басшысы.
Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары марапат тапсырғаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолында барынша күш-жігер жұмсауға дайын екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Түркия Республикасының Вице-президентімен кездесті
- 16 сәуір, 2026
Күйзеліске төзімділік қалай қалыптасады?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




