Жиында баяндама жасаған облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Гүлпара Ташенова өңірде цифрландыру бағытында оң өзгерістер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, қоғамдық көліктерге TulparCard автоматтандырылған төлем жүйесінің енгізілуі, 14 түрлі мемлекеттік және коммуналдық қызмет көрсететін e-jambyl платформасының жұмысы, сондай-ақ iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы – цифрландырудың нақты нәтижесі.
Сонымен қатар қала қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілген бет-әлпетті тану құрылғылары да өз тиімділігін көрсетуде. Дегенмен бірқатар өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Фракция мүшелері Google Maps жүйесінде жеке мекен жайларды белгілеу барысында ұлттық құндылықтарға қайшы атаулардың пайда болуын сынға алды. Сондай-ақ Zhambyl Hub мүмкіндіктерін өңірдің цифрлық дамуына тиімді пайдалану қажеттігі айтылды. Интернет сапасы да маңызды мәселе ретінде көтерілді. Облыста интернеті әлсіз ауылдар әлі де бар, әсіресе автожолдар бойындағы байланыс сапасы көңіл көншітпейді.
Осыған байланысты «Қолжетімді интернет» жобасы аясында 258 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, ауылдарға оптикалық интернет тарту жоспарлануда. Сонымен қатар жол бойындағы байланысты жақсартуға бағытталған 11 жоба іске асырылмақ.
Жиында бұдан бөлек, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалу барысы мен партиялық жобалардың жергілікті деңгейдегі нәтижелері де қаралды.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Күйзеліске төзімділік қалай қалыптасады?
- 9 сәуір, 2026
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




