Көше қарап отырмын тоңып, талып, Келмей қойдың, тағы да жолықпадық. Самарқаулық танытып жүздесуге, Ал жоғалтып алудан қорықпадық.
Менің осы жеткендей шалғайға үнім, Айғай салдым, Ех, халің, қандай бүгін? Сендік күйді білмеймін, бірақ менің, У-ға айналып кетіпті балдай мұңым. Жын соққандай шарпыды суық қайғым, Сол қайғымды әспеттеп, ұлықтаймын. Көше жаққа көз салам, бір келер деп, Үміттімін... бөтен ой жуытпаймын.
Тұңғиыққа айналып тұнық түнім, Менің үнсіз жанымды шын ұқты кім?! Өлең жазып отырмын, өзің жайлы, Сілкіп тастап санамнан күдікті мың.
Сағым құшып, көңілде құйынды арбай, Келмес жанды күтуім қиын қандай. Маған осы мәңгілік, жол тосумен, Бір бақытқа елеңдеу бұйырғандай...
Ақгүл Айдарбекова.
Аса ауылы, Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді