Рухани жаңғыру: алғашқы нәтижелер

Рухани жаңғыру: алғашқы нәтижелер
ашық дереккөз
Рухани жаңғыру: алғашқы нәтижелер

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің өркендеуіне соны серпін берді. «Тоғызыншы территория» бүгінде ерекше бір рухани серпілісті бастап кетті. Мемлекет басшысы айқындап берген өзекті мәселелер төңірегінде алқалы басқосулар өткізіліп, зиялы қауым өрелі ойларын ортаға салды. Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент Әкімшілігінің Басшысы − Ұлттық комиссияның төрағасы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысы өтті.

  Отырыс басталғанға дейін комиссия м ү ш е л е р і «Р у х а н и ж а ң ғ ы р у » бағдарламасын басқару жөніндегі жобалық кеңсенің жəне оның жанында жұмыс істейтін Коммуникациялық орталықтың қызметімен танысты. Жобалық кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша күллі орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру бойынша жұмыс істейді. Кеңсе тарапынан министрліктер мен əкімдіктер ұсынған 1170 жоба пысықталып, қазіргі уақытта жүзеге асырыла бастады. Жалпы, комиссия мүшелері Жобалық кеңсенің барлық жобаларымен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Орталық ғылыми кітапхана сирек кітаптар қорының өкілі көрмеге ең құнды кітаптар мен қолжазбалардың əкелінгенін айтты. «Бұлар моңғол, шағатай, парсы, неміс тілдерінде араб, латын графикаларымен басылған дүниелер. «Қазақ» газетінің 1913 жылы шыққан 7-ші саны, «Айқап» журналының 1912 жылы шыққан 5-ші саны, Ахмет Байтұрсынұлының 1914, 1925 жылдары шыққан «Тіл-құрал», «Əліпби» кітаптары, Мұхтар Əуезовтің Абайдың өмірі мен шығармашылығына арнаған қолжазбасы, Мəшһүр Жүсіптің қолжазбасы қызығушылық тудырады деп ойлаймын. Көрмеде ХІХ ғасырдағы Құран кітабы да тұр. Жалпы, біздің сирек қор дағы Құран кітаптарының барлығы да ХІХ ғасырда шыққан дүниелер. Жұртшылық үшін тың дүниенің бірі – Ақсақ Темірдің тарихы туралы белгісіз автордың шағатай тілінде жазған қолжазбасы. Мұны зерттеу, қазақ тіліне аудару – сирек қордың алдағы жұмыс жоспарына енгізілді», деді ол. С о н д а й - а қ , к ө р м е г е ф р а н ц у з э кс п ед и то р ы Гу с т а в Л е в о н н ы ң , Радловтың кітаптары, Алексей Харузин есімді автордың «Киргизы Букеевской Орды» кітабы, түсіндірме сөздіктер де қойылған. Осының ішінде Харузиннің Б ө к е й О р д а с ы н д а ғ ы х а л ы қ т ы ң антропологиялық ерекшеліктері, жасы, бойы, салмағы туралы еңбегін атап айтуға болады. Мұнда Ордадағы сол кезеңдегі халық саны адамдардың жас шамасы бойынша бөліп-бөліп көрсетілген. Жалпы, көрмеге 28 кітап пен қолжазба əкелініпті. Ал кітапханадағы сирек кітаптар қорында 300 мыңнан аса кітап бар. 1940 жылға дейін шыққан кітаптардың барлығы да сирек кітаптар қорына алынған. Бұдан соң Еуразия ұлттық университеті ғимаратында Ұлттық комиссияның кезекті отырысы басталды. Отырысты Президент Əкімшілігінің Басшысы – Ұлттық комиссияның төрағасы Əділбек Жақсыбеков ашып, жүргізіп отырды. Ұлттық комиссия төрағасы ның айтуынша, Елбасы айтқан бағдарламаны жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалып, орталық жəне жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар жұмысқа белсенді қатысып келеді. Сондай ақ, облыстарда арнайы комисси ялар, жобалық кеңселер, сарап шы топтар құрылып, жұмыстың алғашқы нəтижелері көріне бас тады. «Өздеріңіз көрдіңіздер, көп жұмыс жасалған. Ұлттық комиссия арнайы топтары жұмыстарының алғашқы нəтижелері бар. Біз осы шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге шықтық. Бүгінде жаңа алфавиттің жобасы жасалды. Киелі жерлердің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Олардың 22-сінде ғылыми-реставрациялық жұмыс тар басталды. «Туған жер» бағ дарламасы бойынша кең көлемде жұмыстар жүргізілуде. Мəдениет бағытында ең жақсы шығармалар таңдап алынды. 17 оқулыққа аударма жасалуда. Бұл осы жұмыстардың басы ғана», де ген болашақта үлкен жұмыстар атқарылатынына баса мəн берді. Бағдарламаның ауқымды жалпыұлттық жобаға айналу қажеттігін айтты. Сондай- ақ, отырыста қаралатын екі мəселеге арнайы тоқталды. Оның бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлерде атқарылған жұмыстардың алғашқы нəтижелері болса, екіншісі – жұмыс топтары қызметінің нəтижелері. Бұл орайда алғашқы баян даманы Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев жасап, бағдарлама аясында жасалған жұ мыстармен таныстырды. Облыс əкімінің мəліметінше, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кеңсе құрылған. Онда бағдарлама аясында зиялы мамандардан, қоғам мүшелерінен құрылған арнайы жұмыс топтары сарап тама жүргізуде. Сондай-ақ, өңірдің тарихын таныстыру, игіліктерін көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында өлкетану мамандығы ашылған. «Біздің өңірдің тарихын көрші өңірлерге, көрші мемлекеттер ге таныту мақсатында экспедициялар жұмыс істеуде. Біздің негізгі мақсатымыз – қазіргі ұрпаққа тарихты жеткізу, оларға өзінің елін, ұлтын, Отанын сүю үшін патриоттық тəрбие беру. Бұл мақсатта «Өнеге» клубын да аштық. Биыл Ұлы Жібек жо лының біздің өңірде орналасқан жəрмеңкесінің 150 жылдығы, Есет батырдың 350 жылдығы, Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығы. Міне осы даталарға байланысты іс-ша- ралар қабылданды. Қазір дайын дық жұмыстары жүріп жатыр», деді Ақтөбе облысының əкімі. О л «Ат а м е ке н» б а ғ д а рл а ма с ы бойынша облыс аудандарында «Туған жер», «Туған ел» акция лары жүріп жатқанынан хабар дар етті. Сондай- ақ, құны 2 млрд. 800 млн. теңгеге бағаланған 555 кəсіптік жобаның жүзеге асы рылатынын айтты. Бұл жобалар бойынша, елді мекендерде бала- бақшалар, клубтар, спорттық алаңдар жəне скверлер салын бақ. Өңірден шыққан кəсіпкер лердің қолдауымен біріншіден, мемлекет-жекеменшік əріпте стік негізінде, екіншіден, бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі негізінде құны 48 млрд. теңгенің 71 бағдарламасы жүзеге асырылатынын да атап өтті. Оның бүгінде 9-ы іске қосылып қойған. Облыс əкімі бүгінде «Ақтөбе – құтты мекен» акциясы аясында ар найы сайт ашып, Ақтөбеде кіндік қаны тамған азаматтарды туған жеріне шақырғандарын, нəти- жесінде əлемнің 15 елінен 200-ден аса азаматтың жиналғанын мəлімдеді. Олар Ақтөбеде өткізілетін форумға қатыспақ. Жерлестердің есебінен «Жұбанов үйі» салынбақ. Ал «Аналарға тағзым» жобасы кəсіпкерлердің көмегімен жүзеге аспақ. Жалпы, форум аясында əлеуметтік жəне бизнес жобалардың тұсауы кесі летін болады. Бердібек Сапарбаев «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына облыстан 88 адамның тізімін ұсынғанын да айтып, жо баның критерийлерін нақтылау керектігіне мəн берді. «Тұлға бұл тізімге қандай негізбен, қандай шартпен, қандай талаппен кіре тінін нақты жасау керек», деді Б.Сапарбаев. Бұдан кейін Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов сөз алды. − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымыздың қызу қолдауына ие болған маңызы ерекше жоба, еліміздегі саяси реформалар мен экономикалық жаңартулардың логикалық жалғасы. Мəдени кодты сақтай отырып, тамаша ұлттық салт-дəстүрлерді табысты жаңғырудың басты шартына айналдыру – қазақ стандық қоғамның бүгінгі əлемдік сын-қатерлерге қайтарар жауабы. «Мақсатқа жету үшін, біздің сана мыз атқарар істерден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», деген Елбасы сөзі алдыңғы отыз елдің қатарына қосылу жəне «Мəңгілік Ел» болуды мұрат еткен еліміздің əрбір азаматының санасына ой салып, жігерін жани тын қағида, деген облыс əкімі Даниал Ахметов өңірде «Рухани жаңғырудың» басты бағыттары бойынша мақсатты жəне жоспар лы шаралар қолға алынғанын жəне «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі құрылғанын атап өтті. Облыс əкімінің айтуынша, аталған үдеріске С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шəкəрім атындағы СМУ жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қоғамдық кеңес пен қоғамдық ұйымдар тартылған. О с ы л а й ш а, «Р у х а н и ж а ң ғ ы р у » бесжылдық бағдарламасы жасалды. Бұл «Рухани қазына», «Тəрбие жəне білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 ішкі бағдарлама бойынша 61 жоба дан құралады. Жалпы бюджеті 28 млрд теңгені құраса, биыл бұл жобаларға 7 млрд теңге бағытталып отыр. Оның ішінде үш тілді білім беруді дамыту, ар хеология саласындағы ғылымизерттеу жұмыстары, ішкі турис- тердің ағымын арттыру бар. «Рухани қазына» ішкі бағдарла масы шеңберінде 19 өңірлік жоба жүзеге асырылады. Атап айт қанда, «Шығыс Қазақстанның өркениет құбылыстары» негізгі базалық жобалардың бірі ре тінде өңірдің бірегей тарихи-мəдени кешенін біріктірмек жəне «Көне қазына», «Шығыс Қазақстан інжу-маржаны» ішкі жобаларының да басын қосады. «Көне қазына» аясында Берел, Шілікті кешендеріндегі археоло- гиялық қазба жұмыстары мен ғы- лыми-зерттеу жұмыстары жалға сын табады. Қоңырəулие мен Ырғызбай ата кесенесіне инфра құрылым желілері салынып, Шілікті кешеніне əйнектен ар найы саркофаг тұрғызылады, «Тархан геологиялық қиығы» ашық аспан астындағы музейі ашылады. Барлық жəдігерлерді Өскеменде бой көтеретін археоло гия жəне заманауи өнер музейіне қою жоспарланып отыр. Ал туризмді дамыту мен мұралардың танымалдылығын арттыруға негізделген «Шығыс Қазақстан інжу-маржаны» ішкі бағдарламасы аясында киелі орындар картасы жасалып, туристік и н ф р а қ ұ р ы л ы м д а р ке ң е й ед і , су қоймаларының емдік қасиеті зерттеледі. Сонымен бірге, «Руха ни қазына», «Абай əлемі» кітап сериясын шығару, музей қорын цифрлы жүйеге көшіру, «Мəдени код: Шығыс Қазақстан» архиві мен кітапханасын құру, «Музыка əлемі», «АРТ Заман» фе стиваль- дарын өткізу, театрлар мен шығар- машылық ұйымдардың гастроль дерін ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ, «Қазақстанның та биғаты жəне табиғи мұралары» жобасы аясында көп данамен Шығыс Қазақстан атласын, өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабын басып шығару жоспар ланып отыр. Бұл басылымдар барлық мектептер мен колледж дерге, кітапханаларға түседі. Жəне барлық материалдар мен жобалардың нəтижесі «Туған жер: Шығыс Қазақстан» интернет платформасына орналастырылып, баршаға қолжетімді болады. Əрі қарай «Тəрбие жəне білім» і ш к і б а ғ д а рл а ма с ы н а то қ т а л ғ а н облыс басшысы білім, отан сүйгіштік, мəдени жəне руха ни құндылықтарды насихат тауға бағытталған 7 өңірлік жоба жасалғанын, оның 14 ішкі бағ- дарламадан тұратынын жеткізді. «Мұнда біз үштілділікті дамыту бойынша оқыту бағдарламасын жалғастырамыз. Біз бұған екі жыл ішінде 1,7 млрд теңге бөл ген болатынбыз. Осы орайда мұғалімдердің тілдік біліктілігі мен оқыту əдістемесін кембридждік жүйе бойынша жетілдіру курстары өткізіліп, оған шет тілін тікелей үйретушілер шақырылды, бірыңғай оқулықтар сатып алынды, педагогтерді материалдық тұрғыдан қолдау жүзеге асырылды. Ал «Білікті маман» жобасында жоғары оқу орындарының бəсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша мектеп бітірушілердің басқа елге кетуін төмендету, жергілікті жоғары оқу орындарының ғылыми- техникалық жəне зерт теу базаларын жақсарту, шетелдік ғалымдарды шақыру, жаңа қажетті мамандықтар ашу сияқты кешенді шаралар атқарылды. Биыл біз облыстық бюджеттен 200 білім гранты үшін 50,8 мил лион теңге бөлдік. Қазірдің өзінде нəтиже бар. Былтыр шетке оқуға 1800 мектеп бітіруші кеткен бол са, биыл – 890», деді Д.Ахметов. Сол сияқты «Рухани білім бе ру» жобасы діни ағарту, экстре мизм мен радикализмге қарсы іс-əрекеттердің тиімділігін кө теру, дінтану саласында білікті мамандар даярлауға бағытталады. Қазіргі кезде 156 имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге əзірленген бағдарлама бойынша курстардан өтуде. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 150 млн теңге бөлін ді. Шығыс Қазақстан дінтану колледжін құру мен білім грант тарын бөлу жоспарланып отыр. О б л ы с б а с ш ы с ы с о н д а й - а қ , «Атамекен» ішкі бағдарламасы кіші отанның тағдырына жауап кершілік сезімі мен азаматтық белсенділікті нығайтуға бағыт талғанын, осы ретте демеушілер мен меценаттар қаржысы есебінен 5,6 млрд теңгеге 157 əлеуметтік жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның ішінде қалалар мен ауылдарды көріктендіру, əлеу меттік нысандарды жаңа зама науи жабдықтармен қамтамасыз ету, қайта жөндеу, құрылыс іспетті ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінде тағы 142 жобаның тізімі жасалды. Оны жүзеге асыруға 8,8 млрд. теңге қажет. Қазіргі уақытта 186 ин вестор мен 22 ірі кəсіпорынның серіктестері анықталды. Сондай-ақ, материалдық, медициналық, заңгерлік жəне басқа да көмекті қажет ететін тұлғалардың базасы жасалды. Д.Ахметов сөз соңында аталған жобалардың Президент тің қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын тиім ді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Жалпы, отырыс барысын да қазақ тілін латын əліпбиіне көшіру жобасы бойынша тиісті жұмыс тобы осы күзде жаңа əліпбидің нұсқасын қарауға ұсы натыны, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында гуманитарлық пəндер бойын ша 17 оқулықтың тізімі жаса лып, аударыла бастағаны, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында республикалық деңгейдегі – 100, өңірлік деңгейдегі 500 нысанның таңдап алынғаны белгілі болды. Сондай- ақ, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мəдениет» жобасы бойынша үздік туындылардың тізімі жасалған. Оған əдебиет саласындағы − 216, театр, кино жəне хореография жанрында − 48, бейнелеу өнері бойынша − 182, музыка саласында 200-ден астам шығарма енгізілген. Ал «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына республика бойынша 1500 өтінім түскен, бірақ олар ашық дауыс беру нəтижесінде анықталатын болады. Думан АНАШ, Айгүл СЕЙІЛ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсіргендер Игорь БУРГАНДИНОВ, Бауыржан ЖУАСБАЕВ. («Егемен Қазақстан», 18 тамыз, 2017 жыл).

Ұқсас жаңалықтар