Құрылысшылар мерекесі облыс орталығында – Достық алаңында аталып өтті. Кәсіби мерекеге орай ән-жырдан шашу шашылып, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков құттықтау сөз сөйлеп, құрылысшыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде: «Құрылысшылар күні – еліміздегі маңызды мерекелердің бірі. Себебі айналамызда сіздердің қолтаңбаларыңыз қалмаған бірде-бір жер жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сіздердің еңбектеріңізді бағалайды және Қазақстанда құрылыстың дамуына айрықша көңіл бөліп келеді. Оған дәлел, бүгінде бүкіл әлемнің назарын аудартқан ЭКСПО халықаралық көрмесінің павильондары. Сіздер еліміздің экономикалық өркендеуіне үлес қосып келесіздер. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыздың арқасында облысымызда жыл сайын сандаған ғимараттар бой көтеруде. Мәселен, биылғы жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар 86 нысан пайдалануға берілмек. Мен шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді. Құрылыс саласына елеулі еңбегі сіңіп, көзге түскен құрылысшыларға «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» төсбелгілері, «Еңбек ардагері» медальдары және Құрмет грамоталары мен дипломдар табысталды. Шараның ресми бөлімі аяқталған соң жергілікті өнерпаздар әуелетіп ән айтып, мың бұрала би билеп, ауыр да абыройлы мамандық иелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қарлығаш Есбергенова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді