80 мың теңге «сыйақысын» 4 миллионмен өтейтін болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті қозғаған Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы К. Кушановқа қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
К.Кушанов лауазымды тұлға болғанына қарамастан, жеке кәсіпкерлік қызметті тоқтату үшін 80 мың теңге сомасында «сыйақы» сұраған. Бөлім басшысы 80 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.
К. Кушанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігіне сай кінәлі деп танылып, меншігіндегі заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Оған параның 50 (елу) еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 4 000 000 (төрт миллион) теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




