Миллиондап пара алған Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері Төлеміс Жанқазиев енді 12 жылын темір торда өткізетін болды. Сот осылай деп үкім шығарды. Әрі ол подполковник шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластатылып отыр. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Сотта осы іске қатысы бар тағы 10 адам әртүрлі жаза арқалады. Оның бесеуі кәсіпкер, қалғаны Қорғаныс пен Қаржы министрлігінде лауазымды қызмет атқарған Жанқазиевтің сыбайластары. Жалпы, мәселені «миллионмен» шешіп келген сыбайластар өткен жылы қолға түскен болатын. Ал министрлікте материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған подполковник 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. «Сыйақыға» қарай сый жасауға уәде берген Жанқазиев кәсіпкерлерге әскери бөлім сарбаздарын тамақтандыруға қатысты тендерді ұтып беруге көмектесуді ұсыныпты. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Қорғаныс және Қаржы министрліктеріндегі шенеуніктерді қылмысқа итермелеген ол енді көп уақыт бостандыққа шықпайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




