Жергілікті шаруаларда қант қызылшасын өткізуде қиындықтар туындамайды, өйткені «Көксу қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өткізеді. Жамбылдықтар осы серіктестікке де ат басын бұрып, жетісулықтардың қант қызылшасын өсіру және өңдеу тәжірибесімен танысты. Қазір зауытта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Атап айтсақ, әкті қыздыру пешін толықтай автоматтандыру, жылуэнерго орталығы және жылдамдығы жоғары жылытқыш құралдарын орнату жоспарлануда. Зауытқа шикізатты Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Сарқанд аудандары және Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтар өткізеді. Кәсіпорынның жылдық қуаты 180-200 мың тонна шекер өндіруге жетеді. Алдағы уақытта Тараз қаласында Талас өзенінің бойында жаңа көрнекті мәдени-демалыс орнын салу жоспарлануда. Жамбылдықтарға Жетісу жерінде тура осындай нысанды көріп-танысуға мүмкіндік туды. Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аймағы төрт бөлікке бөлінген. Онда демалыс орындары, орындықтар, балалар ойын алаңдары бар, белсенді демалысты ұнататындарға арналған скейт, ролл-дромдар және сахна, шатырлар, аспалар орналасқан. Велосипед жолы да салынған. Өйтетін де жөні бар, себебі Талдықорғанда велоспорт жақсы дамыған. Делегация бірқатар нысандарды, оның ішінде Оқушылар сарайы, «Талдықорған» индустриалды аймағы және жастар қызметі орталығын аралап көргеннен кейін Алматы облыстық әкімдігінде өңірлер арасындағы әрі қарайғы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы келіссөздер жүргізілді. – Өңірлер арасындағы қарым-қатынасты нығайту – өзекті мәселелердің бірі. Біздің бір-бірімізге көрсетеріміз де, үйренеріміз де көп. Жамбыл облысы соңғы жылдары баламалы энергия өндірісін дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көптеген табыстарға қол жеткізді. Туризм саласы да үлкен әлеуетке ие. Бұған біздің өңірдің бай тарихи-мәдени мұралары мүмкіндік береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Таразды тарихымыздың темірқазығы деп атауы тегін емес, – деді Кәрім Көкірекбаев. Келіссөздер барысында өңір басшылары өзара ынтымақтастық бизнесті дамытуға, сауда-саттықты арттыруға осы арқылы қос облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне тоқталды. Аймақтардың достық қарым-қатынасы кездесуде арнайы жасасқан меморандум арқылы беки түсті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді