Облыс әкімдігінің актив жиынын өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев ашып, өзінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абдалы Нұралиевтың Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен бұл қызметке осы кезге дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарған Мәден Мұсаевты тағайындағанын жеткізді. Облыс әкімі мұнан соң Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың өмірбаянымен таныстырды. Мәден Тоқтарбайұлы ауыл шаруашылығы саласында ысылған маман. Ол бұған дейін Мойынқұм және Жамбыл аудандарының әкімі қызметінде білімі мен білігін және іскерлік қабілетін көрсете білді. Өңір басшысы оның жаңа қызметте де облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына қомақты үлес қоса беретініне сенім білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Есет досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




