«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Астана күніне орай, шілденің 1-10 аралығында мерекелік науқан өткізіп, көрме билеттерінің жаңа түрін енгізбекші. Астана қаласының тұрғындары көрмеге кіру үшін үш билетті сатып алған жағдайда, бір билетті сыйлыққа алады. Демалыс күндері балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін көрмеге кіру тегін. 12 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде ересек адамдармен болуы және баланың жасын растайтын көрме билеті соған негізделіп, берілетін құжат болуы қажет. Сондай-ақ ұйымдас-тырушылар 18.30-дан кейін жарамды билеттің жаңа «Кешкі» түрін енгізгені туралы хабарлайды. Оның құны жұмыс күнінде 2 мың теңгені және демалыс күндері 3 мың теңгені құрайды. «Кешкі» билетінің шарттары тұрғындардың жеңілдікке ие санаттарына қатысты және ол екі есе арзан, яғни құны жұмыс күнінде 1 мың теңгені және демалыс күндері 1,5 мың теңгені құрайды. ЭКСПО-2017 көрме абонементтерінің саты-лымы басталғанын еске саламыз. Көрмені өткізу мерзімінде абонемент құны стандартты санат үшін 50 000 теңгені, ал жеңілдікке ие санат үшін 25 000 теңгені құрайды. Абонементті ЭКСПО-2017 ресми билет кассаларында және көрменің кіреберісіндегі кассалардан сатып алуға болады. Барлық абонементтер атаулы болып табылады, сондықтан абонементті сатып алу және көрме аумағына кіру кезінде жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




