«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы аймақтық және аумақтық партиялық кадрлық резервті қалыптастыруда жақсы қарқынмен жұмыс істеп келеді. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат Партия орталық аппаратында және партияның аймақтық филиалдарында резервке қосымша іріктеу басталғандығын мәлімдеп, баспасөз өкілдерімен брифинг өткізді. Ол өз сөзінде кадрлық резерв бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелеріне тоқталды. – Елбасының 2015 жылы ұсынған 5 институционалды реформасында қадрлық саясатты реформалау халыққа тиімді қызмет етудің негізі болып белгіленген. Аймақтық кадрлық резервке кандидаттар іріктелген сәттен бастап партия резервистерді дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Жұмыс барысында әр резервист нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оны бірінші жартыжылдықта жүзеге асырды. Осы арқылы резервист партияны қаншалықты қолдайтындығын, қарапайым тұрғындардың өмірін жақсарту және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу барысында қандай үлес қосуға дайын екендігін көрсетуге мүмкіндік алды. Іс-қимыл жоспарындағы маңызды тармақтың бірі – партия жанындағы Саяси менеджмент мектебінде білім алу. Бүгінгі күнге дейін мектепті 90 резервист бітіріп, сертификатқа ие болды, – деді Шәбден Тоқтасынұлы. Маусымның 30-ы күні кадрлық резервке қайта іріктеу бойынша құжаттарды қабылдау жұмысы басталады. Қабылданушылар тестілеу деп өтіп, сұхбаттасуға шақырылатын болады. Қосымша резервті қалыптастыру үрдісі екі жарым ай бойы, яғни 16 қыркүйекке дейін созылады.
Әзиза Әбдірайымова, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді