Мақсат – азамат тардың құқын қорғау
Облыстық әділет департаменті мен «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңіріміздегі филиалы бірлесіп «SMALL» сауда орталығында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, көкейлерінде жүрген сауалдарға заңгерлік көмек беру, қоғаммен байланыс орнату дейді ұйымдастырушылар.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, прокуратура, көші-қон полициясының өкілдері мен нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылары, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік сала қызметкерлерінен құралған топ үлкен сауда орталығының кіреберісіне үстелдерін айналдыра қойып, заңгерлік көмек алғысы келген әрбір келушінің сұрағын мұқият тыңдап кеңестерін берді. Мәселен, облыс орталығының тұрғыны Райкүл Елеусізова бұл шара туралы теледидардан берілген хабарландыру арқылы құлағдар болып, тегін заңгерлік кеңес алуға келген. Райкүлдің зейнеткерлікке шығуға қатысты сауалына облыс бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің бас маманы Ғалия Махамбетова жауап берді. Акция аясында көкейлеріндегі сауалдарына жауап алған жандар ризалықтарын білдіріп жатты. Сұрақтардың дені жылжымайтын мүлік, салық төлеу, айыппұл өндіру, әлеуметтік төлемдер төңірегінде болды. Жалпы, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін мұндай шараларды жиі өткізіп тұрған жөн.
Шынар Сағиева, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




