өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды
Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2017» өңірлік көрме-байқауы мен отандық тауар өндірушілердің «Жамбыл өнімдері» көрме-жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Өңірдегі кәсіпкерлердің өндірген өнімінің сапасын арттыру, облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға ықпал ету, халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттау мақсатында өткен көрме-байқауға облысымыздан 104 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынған. Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 9 қарашадағы Жарлығы негізінде ұйымдастырылған көрме-байқау биыл 11-ші мәрте өткізіліп отыр.
Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізілген айтулы шараның салтанатты рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов облыстағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне тоқталды.
– Өңірімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қыруар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде оның жемісін көріп отырған кәсіпкерлер де аз емес. Өткен жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 339 миллиард теңгені құрап, республика бойынша алдыңғы қатардан көріндік. Біз бұнымен тоқтап қалмай, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет, – деді. Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлер палатасының да шағын және орта бизнес саласына үлкен көмек көрсетіп отырғанын да атап өтті. Ғалымжан Райылұлы көрме-байқауға қатысып отырған барлық кәсіпорын жетекшілеріне алғыс айтып, табыс тіледі.
Одан кейін сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәріпбек: «Биыл көрме-байқауға қатысушылардың саны 100-ден асып кеткенін көрдіңіздер. Бұл біз үшін тәуір көрсеткіш. Өңірлік тауар өндірушілердің саны ғана емес, сапасы да арта түскенін байқадық. Сарапшы мамандар үшін жеңімпаздарды анықтау оңай болмайтыны белгілі. Сонымен қатар осы байқау аясында биыл алғаш рет 40-тан астам отандық тауар өндірушілердің «Жамбыл өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі де өткізіліп отыр. Бұл да осы байқаудың бүгінгі жетістігі деп білеміз», – дейді.
Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлер палатасы аталмыш байқаудан тыс, «Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша лайықты деп танылған кәсіпкерлерді марапаттады. Сонымен бірге «Байқаудың жас көшбасшысы» аталымында жеке кәсіпкер Ляззат Оспанова мен Талант Сүлейменов ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломмен марапатталды.
Отандық тауар өндірушілердің қызмет сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін аталмыш байқау барысында қатысушылардың ұсынған өнімдері үш номинация бойынша бағаланды. Атап айтқанда, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Ал ұсынылған өнімдердің үздігін облыстық кәсіпкерлер палатасы, «НаЦЭкС» АҚ Жамбыл филиалы, облыс әкімдігінің кәсіпкерлер және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық бөлімі және «Нұр Отан» партиясының мамандарынан құрылған сарапшы топ анықтады.
Жоғары дәрежеде өткен көрме-байқауда өнер көрсеткен облыстық филармонияның өнерпаздары қонақтар мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тағы бір айта кететін жәйт, байқау аясында облысымызбен қатар республикаға белгілі дизайнер Ирина Набоконың қазақы үлгідегі той көйлектері көпшілік назарына ұсынылып, көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Барлық кәсіпкерлердің өнімдерімен жан-жақты танысып шыққан сарапшы мамандар мен Ақтөбе облысынан келген делегация мүшелері өзара ақылдаса келе шешім шығарды. Нәтижесінде, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші орынға «Қазфосфат» ЖШС ие болса, екінші орын «Talas investment company» ЖШС, ал «Тараз металлургия зауыты» ЖШС үшінші орынға лайық деп табылды. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында «Айвенго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үздік шықты. «Айналайын» жеке кәсіпкерлігі екінші орынды иеленсе, «Аленсия» ЖШС үшінші орынды қанағат тұтты. Ал «Үздік азық-түлік» аталымында «Rola-7» ЖШС үздік деп танылса, «Әулие-ата Феникс» екінші орынға ие болды. «Севиль-Мерке-Строй» ЖШС тиісінше үшінші орынның дипломына қол жеткізді.
Бұдан соң, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының аясында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің арасында «Жыл жаңалығы» байқауы да өтті. Бұл байқауда үздік үштікті кәсіпкер Наталья Мирошникова бастады. Екінші орынды «Немерешка» жеке кәсіпкерлігінің директоры Айнұр Исаева иеленсе, Вероника Довгань үшінші орыннан көрінді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ерғали қартайған,
«Ақ жол».
Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2017» өңірлік көрме-байқауы мен отандық тауар өндірушілердің «Жамбыл өнімдері» көрме-жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Өңірдегі кәсіпкерлердің өндірген өнімінің сапасын арттыру, облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға ықпал ету, халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттау мақсатында өткен көрме-байқауға облысымыздан 104 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынған. Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 9 қарашадағы Жарлығы негізінде ұйымдастырылған көрме-байқау биыл 11-ші мәрте өткізіліп отыр.Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізілген айтулы шараның салтанатты рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов облыстағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне тоқталды.– Өңірімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қыруар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде оның жемісін көріп отырған кәсіпкерлер де аз емес. Өткен жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 339 миллиард теңгені құрап, республика бойынша алдыңғы қатардан көріндік. Біз бұнымен тоқтап қалмай, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет, – деді. Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлер палатасының да шағын және орта бизнес саласына үлкен көмек көрсетіп отырғанын да атап өтті. Ғалымжан Райылұлы көрме-байқауға қатысып отырған барлық кәсіпорын жетекшілеріне алғыс айтып, табыс тіледі.Одан кейін сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәріпбек: «Биыл көрме-байқауға қатысушылардың саны 100-ден асып кеткенін көрдіңіздер. Бұл біз үшін тәуір көрсеткіш. Өңірлік тауар өндірушілердің саны ғана емес, сапасы да арта түскенін байқадық. Сарапшы мамандар үшін жеңімпаздарды анықтау оңай болмайтыны белгілі. Сонымен қатар осы байқау аясында биыл алғаш рет 40-тан астам отандық тауар өндірушілердің «Жамбыл өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі де өткізіліп отыр. Бұл да осы байқаудың бүгінгі жетістігі деп білеміз», – дейді. Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлер палатасы аталмыш байқаудан тыс, «Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша лайықты деп танылған кәсіпкерлерді марапаттады. Сонымен бірге «Байқаудың жас көшбасшысы» аталымында жеке кәсіпкер Ляззат Оспанова мен Талант Сүлейменов ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломмен марапатталды.Отандық тауар өндірушілердің қызмет сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін аталмыш байқау барысында қатысушылардың ұсынған өнімдері үш номинация бойынша бағаланды. Атап айтқанда, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Ал ұсынылған өнімдердің үздігін облыстық кәсіпкерлер палатасы, «НаЦЭкС» АҚ Жамбыл филиалы, облыс әкімдігінің кәсіпкерлер және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық бөлімі және «Нұр Отан» партиясының мамандарынан құрылған сарапшы топ анықтады.Жоғары дәрежеде өткен көрме-байқауда өнер көрсеткен облыстық филармонияның өнерпаздары қонақтар мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тағы бір айта кететін жәйт, байқау аясында облысымызбен қатар республикаға белгілі дизайнер Ирина Набоконың қазақы үлгідегі той көйлектері көпшілік назарына ұсынылып, көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Барлық кәсіпкерлердің өнімдерімен жан-жақты танысып шыққан сарапшы мамандар мен Ақтөбе облысынан келген делегация мүшелері өзара ақылдаса келе шешім шығарды. Нәтижесінде, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші орынға «Қазфосфат» ЖШС ие болса, екінші орын «Talas investment company» ЖШС, ал «Тараз металлургия зауыты» ЖШС үшінші орынға лайық деп табылды. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында «Айвенго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үздік шықты. «Айналайын» жеке кәсіпкерлігі екінші орынды иеленсе, «Аленсия» ЖШС үшінші орынды қанағат тұтты. Ал «Үздік азық-түлік» аталымында «Rola-7» ЖШС үздік деп танылса, «Әулие-ата Феникс» екінші орынға ие болды. «Севиль-Мерке-Строй» ЖШС тиісінше үшінші орынның дипломына қол жеткізді. Бұдан соң, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының аясында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің арасында «Жыл жаңалығы» байқауы да өтті. Бұл байқауда үздік үштікті кәсіпкер Наталья Мирошникова бастады. Екінші орынды «Немерешка» жеке кәсіпкерлігінің директоры Айнұр Исаева иеленсе, Вероника Довгань үшінші орыннан көрінді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді