Жалпы, облысымызда денсаулық саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауына, сондай-ақ, олардың бастамалары мен шығармашылық ізденістерін қолдауға септігін тигізер шаралар – түрлі аталымдар бойынша байқаулар өткізілуі жарасымды дәстүрге айналып отыр. Мұндай сынға салада кем дегенде, он жылдық еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады әрі олардың жас ерекшеліктеріне де ешқандай шектеу қойылмайды. Биылғы «Ең үздік дәрігер» байқауы облыс орталығындағы емдеу, алдын алу мекемелері бойынша іріктелген төрт дәрігер арасында өтті. Олар қазылар алқасы назарына кәсіби қызметтері туралы есептерін, сондай-ақ, өздерінің күнделікті жұмыстары жөнінде түсірілген бейнероликтерді қоса ұсынды. Алғашқы кезеңде олардың теориялық білімдері, екінші кезеңде тәжірибелік дағдылары тексерілді. Жарыс қорытындысында Тараз қаласындағы № 9 қалалық емхананың акушер-гинекологы Жанар Аженова ең үздік дәрігер деп танылды. Ал, «Үздік менеджер – денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы» аталымы бойынша облыстық офтальмологиялық орталығының менеджер-дәрігері Нұрлан Дәрменқұлов топ жарды. Сондай-ақ, үздік емделушілер арасында өткен облыстық байқау да мәресіне жетті. Бұл сында Тараз қалалық № 6, 1, 8 емханаларының емделушілері Сатылхан Төлбасиев, Гульфира Саеиева, Татьяна Титова тиісінше бірінші, екінші, үшінші орындарға ие болды. Жеңімпаздарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет қағаздары мен заттай бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Шолпан ТАЙЖАНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




