«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Меркіде мерейіңді өсіретін тірлік көп

Меркіде мерейіңді өсіретін тірлік көп
ашық дереккөз
Меркіде мерейіңді өсіретін тірлік көп
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша Меркі ауданында атқарылып жатқан шаруа көп. Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев кезекті жұмыс сапарымен осы ауданда болып, ондағы тындырылған тірліктер мен баянды бастамаларға оң бағасын берді. Ауыл шаруашылығы мен өндірісте елеулі ілгерілеу бар. Соңғы жылдары құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде Меркіде мектеп мәселесі де толық шешілуге жақын. Сарымолдаев ауылының оқушылары биылғы алғашқы қоңырауды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектепте қарсы алмақ. Оның құрылысымен «ТаразҚұрылысДизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып жатыр екен. Аудандағы ауыз толтырып айтар жаңалықтың бірі – шағын мұнай өңдеу зауыты құрылысының қолға алынуы. «Са-Ба ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын бұл жобаның жылдық қуаттылығы 50 мың тонна өнім өндіруге есептелінген. Ал Гранитогорск ауылында балық өңдеу цехы ашылмақ. Қазір бұл іспен жеке кәсіпкер Абзал Әбішев нақты айналысып, тиісті жұмыстар жүргізуде. (Облыс әкімінің жұмыс сапарынан жазылған толық есепті газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Қарлығаш есбергенова, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар