Меритократия қағидаты сақталуы тиіс
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша Меркі ауданында атқарылып жатқан шаруа көп. Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев кезекті жұмыс сапарымен осы ауданда болып, ондағы тындырылған тірліктер мен баянды бастамаларға оң бағасын берді. Ауыл шаруашылығы мен өндірісте елеулі ілгерілеу бар.
Соңғы жылдары құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде Меркіде мектеп мәселесі де толық шешілуге жақын. Сарымолдаев ауылының оқушылары биылғы алғашқы қоңырауды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектепте қарсы алмақ. Оның құрылысымен «ТаразҚұрылысДизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып жатыр екен.
Аудандағы ауыз толтырып айтар жаңалықтың бірі – шағын мұнай өңдеу зауыты құрылысының қолға алынуы. «Са-Ба ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын бұл жобаның жылдық қуаттылығы 50 мың тонна өнім өндіруге есептелінген. Ал Гранитогорск ауылында балық өңдеу цехы ашылмақ. Қазір бұл іспен жеке кәсіпкер Абзал Әбішев нақты айналысып, тиісті жұмыстар жүргізуде.
(Облыс әкімінің жұмыс сапарынан жазылған толық есепті газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).
Қарлығаш есбергенова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




