Мағираш Қатаева Қарағанды медицина институтын тәмамдасымен, ұзақ жыл Тараз (Жамбыл) қаласындағы денсаулық сақтау саласында тер төкті. Қатардағы дәрігерліктен бірнеше емхананың бас дәрігері қызметіне дейін өсіп, жемісті еңбек етті. Құрметті зейнетке шыққан Мағираш қазір де қарап отырмай, жеке «Дарина» гомеопатия орталығын құрып, халыққа қызмет етуде. Бай тәжірибесін өзінің жолын қуып, дәрігер мамандығын қалаған қызы Данаға үйретуде. Жоғары білімді кардиолог-дәрігер Дана бұған дейін де қалалық ауруханада еңбек етіп, білгір дәрігер атанған-ды.
– Бұл орталықта жылына 3 мыңға дейін науқас адамдар қаралады. Оның 40 пайызы сәбилер. Біздің орталық осы заманғы озық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ең басты байлық – денсаулық қой. Адамдардың өміріне араша түсіп, оның науқастан айығуына көмектескеннен артық бақыт бар ма? – дейді орталық директоры, тәжірибеге бай дәрігер Мағираш Қатаева. Мамандығын сүйген адамға қашан да абырой-атақ жолдас. Мағираш Қатаева Қазақ ұлттық медициналық академиясының «Алтын дәрігер» белгісімен марапатталған болатын. Бұл атақ оған халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауда сіңірген абыройлы еңбегі үшін берілді. Енді медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында осы академияның «Алтын дәрігер» белгісі Данаға берілді. Ана мен қызы осылай еңбектерінің жемісін көруде. Дананың жолдасы Серікбай Халиков та дәрігер. Ол Тараз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі болып тер төгуде.
Жансая Сабырова.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




