«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша шетелдік турист келеді

ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша шетелдік турист келеді
ашық дереккөз
ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша шетелдік турист келеді
«Астана ЭКСПО -2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры Илья Оразақов халықаралық көрмеге қандай мемлекеттердің өкілдері келетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Ол ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, көрмеге 2,4 миллион адам келетінін айтты. Олардың 15 проценті шетелдік турист болуы керек. «Тәжірибе бойынша көрмеге келушілер саны 70-80 пайыз болады. Ал біздің жағдайымызды бұл көрсеткіш 85 пайызды құрамақ. Оның 15 пайызы шетелдерден келетін қонақтар. Мөлшермен айтқанда адамдар саны 600-ден 750 мыңға дейін болады. Көрмеге келетін туристердің 70 пайызы жақын шетелдерден болатыны айтпаса да түсінікті. Олар негізінен біздің көршілеріміз. Бүгінгі таңда Қытайдан шамамен 150-200 мың қонақ келеді деп күтілуде. Өйткені қытайлық туризм агенттіктерін бұл көрме қатты қызықтырып отыр. Тағы 150-200 мың қонақ Еуропа, Солтүстік Америка сияқты аймақтардағы шет мемлекеттерден келеді. Өкінішке орай ішкі бөлініс қалай болатынын айта алмаймыз»,-деді Илья Оразов италиялық павильонның таныстыру рәсімінде. Оның сөзінше, осы уақытта қандай мемлекеттен қанша адам билеттерді сатып алып жатқаны анықталуда. «Жалпы алғанда билеттердің сатылуын қадағалау қиын процес. Өйткені ол белгілі бір оператор арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан біз бұл мәліметтер туралы кейін тағы хабарлаймыз»,-деді ол. Илья Оразовтың айтуынша, көрме аясында 3 мыңнан астам мәдени шаралар ұйымдастырылады. Олардың арасында 40-тан астам ғылыми конференциялар мен ірі форумдар, 126 ұлттық идеялар бар. Айта кетейік, «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. ЭКСПО көрмесі кешенінің аумағы 25 гектарды құрайды. Көрмеге 100-ден астам мемлекет өкілдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысады.

Ұқсас жаңалықтар