Елбасы: «Болашақ» бағдарламасы қаражатының бір бөлігін Назарбаев Университетіне бағыттау керек
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2017
- 264
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назараев «Болашақ» бағдарламасының бір бөлігін Назарбаев Университетіне оқытуға бағыттауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Болашақ» бағдарламасы қаржысының бір бөлігін аталған университетте білім беруге бағыттаудың уақыты жетті. Осында серіктестік инновацияның пәрменді экожүйесін қалыптастыру маңызды. Әлемге өздерінің идеясын ұсынатын жас ғалымдар консультациялар, бастапқы капитал, заңгерлік қызмет түріндегі жүйелі қолдауды алуы тиіс»,-деді Мемлекет басшысы. Президенттің пайымынша, университетте отандық ЖОО-лардың басқарушылары мен мұғалімдері білім алуы тиіс, содан кейін осында жинақталған үздік тәжірибені еліміздегі барша жоғары оқу орындарына енгізу керек. «Бұл оқу орны Тәуелсіздік жылдарында табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі. Біртіндеп осында білікті отандық кадрлармен жеке ғылыми мектеп қалыптасады. Кешегі түлектер бұл оқу орнында ғалым атанады және олардың жобалары елімізде және шетелде мойындалады деп сенемін»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, Елбасы биыл Назарбаев Университетін тәмамдаған түлектерді құттықтап, докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегіне дипломдарын табыстады. Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам, оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға 75 түлек ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді