Димаш Қытайдың үздік музыкалық жүлдесінде тағы екі номинацияға ұсынылды
- author «Ақ жол»
- 26 мамыр, 2017
- 703
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының 2 номинациясы бойынша үміткер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шараның ресми веб-сайтында (mtv.com.tw) Димаш «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған. Ал әр аталымда Димаштан өзге тағы 8 үміткер болып отыр. «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Шара барысында 44 үміткер 10 номинация бойынша жеңімпазды анықтайды. Үміткерлер арасында Қытай эстрадасының жұлдыздары бар. Айта кетейік, «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясында 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіске жеткен болатын. Димаш Қытайдың «Singer 2017» ән байқауынан кейін, Қытайда «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жұлделерін жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




