АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда демалыс күндері жауынды болып, кей жерлерде желдің күшеюі болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. «Қазақстанның көптеген аумақтарынан жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауын шақырған антициклон, алдағы бірнеше тәулікте Шығыс Сібірдің оңтүстігіне ойысады. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөліктерінен Батыс Сібірге қарай ауған циклонмен байланысты, атмосфералық фронттар жылжып келеді. Республиканың көптеген бөліктерінде алдымен жылы, содан кейін суық фронттар ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, кей жерлерде қатты екпінді жел соғып, бұршақ болады деп күтілуде» - делінген синоптиктердің болжамында. Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында басымырақ таулы және тау бөктері аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде, осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормадан 2-4 градусқа төмен болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




